Семинар-тренинг на тему "Мамандығым - тағдырым"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Мамандығым - тағдырым» семинар-тренинг

  Жүргізуші: - Бүгін міне, осы  залда  баласының болашағынан  үміт  күткен  ата- ана   және  биылғы  оқу жылының  болашағынан  үміт  күттіретін  мектеп  түлектері,  жалпы  жоғары  буын  оқушылары  мен  ұстаздар  қауымы  бас қосып отыр.

   Бұл  бас  қосудың  маңыздылығы – мынау  нарықтық  қарым-  қатынас жағдайында  өмірге  аттағалы   отырған  жастың  көкейінде «кім болам?»  деген  сұрақ  тұр.

  Олай  болса,  біздің  бүгінгі «Мамандығым-тағдырым»  атты  семинар-тренинг оларға  өмірде  жаңылыспай, өз жолын  табуға  септігін  тигізердей  етіп, сіздер  мен  біздер  өзіміздің  бай  тәжірибемізді, ой толғаныстарымызды   ортаға  салып,  ой  бөліссек деген  ниетпен  өткізгелі  отырмыз. Шарамызды  бастамас  бұрын  қатысушылар мен қонақтарды  топ тобымен  орындарына  жайғастырып  алайық.

-Психологиялық ахуал: Оқушылар мен ата- аналар өзіне ұнаған геометриялық   фигураны кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай  да бір адам бойындағы қасиетті , қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді  танып көрелік.

І топ «Қазақ елі»  шеңберді таңдағандар

ІІ топ «Жаса,  Қазақстан!» тобы төртбұрышты таңдағандар

ІІІ топ  «Атамекен» тобы. Үшбұрышты таңдағандар.

Шеңберді таңдағандар: сіздерде адамгершілік қасиеті жоғары дамыған. Өз әріптестеріңізді  тыңдай  аласыздар  және оның қайғысы мен қуанышын  бірге бөлісесіздер, басқаның  ауыртпалығына жәрдемдесу қабілеті жоғары  қалыптасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы  кикілжіңдер  тән емес, өзіңізді олардан   аулақ ұстайсыз.

Төртбұрышты таңдағандар :  Сіздерде  төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық қасиеттері дамыған. Өз  айналаңыздағы  адамдарды  жинап  ұйымдастыру, реттеу,  және жүйелеу  қабілеттері баршылық.

 

Үшбұрышты таңдағандар : Сіздерге басқарушылық  қасиет тән. Өз көздеген  мақсаттарыңызға  қол жеткізуге барлық  мүмкіншілікті жасайсыз. Өзіңізге  сенімдісіз  және  жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға  оңай  қол жеткізесіз. Айтқаныңыздан  қайтпайсыз,  абыройлысыз. Сіз қоғамда, өмірде жоғары  жетістіктерге  қол жеткізесіз, жұмысыңызда   жоғарыға  көтерілуге  бейімділігіз бар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 9.99 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 128

Похожие материалы