Сен құқығыңды білесің бе?

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты:
-оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі
екенін ұғындыру;
-ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау
қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;
-оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру;
Көрнекілік: нақыл сөздер, Бала құқығы туралы конвенция
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ал балалар сабағымызды жылы лебізбен бастайық. Оқушылардың алдына түсті қағаздар берілген сол өағаздарға сыныптағы бір оқушыға арнап тілек жазады. Тілек жазылған қағазды қалаған адамына береді. Жазылған тілектерді шеңберге тұрып оқимыз.

Қолдарындағы қағаздын түсіне байланысты топты үшке бөлеміз.

1-    Сары

2-    Көк

3-    Қызыл

І.Кіріспе
Мұғалім сөзі
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады. 10-желтоқсан Адам құқығы күні
«Адам құқығы туралы»  бейне көрініс көрсетіледі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.59 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 165

Похожие материалы