Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың  мақсаты:

а)  үш  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  разрядтан  аттап  жазбаша  көбейту  тәсілімен  жұмысты  жалғастыру ;

ә)  түрлі  тапсырмалар  орындату  арқылы  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін , ой-өрісін  жетілдіру, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру ;

б)  тапқырлыққа ,  қырағылыққа , ұқыптылыққа , тазалыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   үлестірмелі  карточкалар ,  ғарышкерлер  суреті , глобус, зымыран.

Түрі:  саяхат  сабағы.

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық  байланыс:  ана  тілі .

Сабақтың  барысы: І . Ұйымдастыру.

Бүгінгі  сабақтың  ұраны:

Біздер  тату  баламыз,

Өсіп  алға  барамыз,

Есептерді  шығарып,

Білімді  шәкірт  боламыз.

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

-         Үйге  қандай  тапсырма  берілді?

-         № 6  есеп. Өрнектердің  мәнін  табу.

1-2  оқушыдан  ауызша  сұрау.

Ойын: « Қағып  ал,  жауабын  тауып  ал » (көбейту  кестесін  қайталап  шығу).

ІІІ. Жаңа  сабақ

-         Балалар,  қазір  қай  мезгіл?

-         Көктемнің  қай  айы ?

 

-         12  сәуір күні  қандай күн  ретінде  белгілі?  Сендердің  араларыңда  ғарышкер  болғысы   келетін  немесе  ғарышқа  ұшқысы  келетіндер  бар  ма? Ендеше, біз  бүгін  ғарыштық  саяхатқа  аттанамыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 139

Похожие материалы