Шағын орталық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Жапсыру Тақырыбы: "Саңырауқұлақтар"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты:Қиылған кесінділерді қағаз бетіне дұрыс орналастырып,саңырауқұлақты жапсыруды үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Саңырауқұлақтың үлгі суреті,қылқалам, желім,сүлгі.

Билингвалды компонент:Саңырауқұлақ-гриб, үлгі- образец, қағаз- бумага,

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, бір-бірінің қолдарынан ұстатып,жылы сөздер айтуды ұсынады.

Жаңа тақырып

Саңырауқұлақты жапсыру жолдары:

*қағаз бетін пайдаланып,қиылған кескіндерді орналастыру;

*желімді жоғарыдан төмен жағып,аяғын жапсыру;

*аяғының дәл үстіне қалпағын жапсырып,үстінен сүлгімен басу.

Сергіту сәті

Орманға кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне керегі:

Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Балаларды мадақтайды.

« Шаттық шеңбері » ойыны арқылы қорытындылайды.

Шеңберге тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Өсімдіктер туралы.

Нені игереді: Желімді жағу тәсілін; қиылған кескіндерден саңырауқұлақты жапсыру.

Нені біледі: Саңырауқұлақтың екі бөліктен тұратынын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 258 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 126

Похожие материалы