Шұбат (ғылыми жоба)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мазмұны: 1. Кіріспе. 2. Түйе - түлік  төресі 3. Дертке дауа - шұбат 4. Ғалымдардың зерттеу  жұмысы. 5. Қорытынды. 6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі Жобаның мақсаты. Қазақ халқының ұлттық сусыны - шұбаттың емдік қасиетін анықтау арқылы маңызын көрсету. Төрт  түліктің  бірі – түйенің  пайдалы  жақтарын  түсіндіру Жобаның міндеті. - Қазақтың ұлттық сусыны - шұбатпен танысу; - Шұбаттың адам өміріндегі алатын орнын көрсету; - Шұбаттың адам денсаулығына пайдасын  түсіндіру; Кіріспе. Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы«атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Қазақ үшін түйе қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардың сүті – ем, еті-азық, жүні - киім. Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелер мен жиделер, шекпендер мен көрпелер дайындаған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиеті барын анықтады. Түйе - түлік  төресі. - Түйенің пайдалы жақтары көп қой. Бір ғана сусынының өзі неге тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем. Сүтінен шұбат дайындап, құрт қайнатады. Шипалық қасиеті мол, дәмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Көптеген Азия елдері әрі тағам, әрі киімге шикізат, дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен күнге ғалымдарды таңғалдыруда. Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады. Осыған орай шұбатты әлемдік нарыққа шығару үшін ғалымдар өнімді кептіру, құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрін жасау технологиясымен де айналысуда. Түйе сүті қоректік заттарға өте бай сусын. Мәселен, қымыздың құнарлылығы 528 ккал болса, сиырдікі 660 кКал, ал түйенікі 911 кКал тең. Бір литр шұбат адам ағзасының витаминдер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. Шұбат ішкен адам күні бойы тоқ жүреді. Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Шармановтың айтуынша, түйе сүтінің созылмалы өкпе, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының қа­бынуын емдеудегі қасиеті клиникалық апробация арқылы дәлелденген. Сондай-ақ инфаркттың, ин­сульттің алдын-алуда маңызы зор, қант диабетіне, қатерлі ісікке де шипасы бар. Табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жоғарлатып, ми тамырларына сергектік пен демалыс береді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа. Ұлттық сусынның дайындалу процесі де күрделі емес. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді. Дертке дауа–шұбат.                                                                                                                                                            «Түйе сүті – қатерлі ісік ауруларының емі» Шымкенттік ғалымдар түйе сүтінен лактоферрин затын алу әдісін ойлап тапты. Дәргерлер оны қатерлі ісікке қарсы қосалқы ем ретінде пайдалануға болатынын айтады.                      Ғалымдар қатерлі ісік ауруына шалдыққан жандарға кеселмен күресетін тағы бір мүмкіндік пайда болатынын айтады. Шұбаттың табиғи адам иммунитетін күшейткіш қасиетінің барын дәлелдеген мамандар, бұл жаңалықтың ел үкіметі тарапынан қолдау табарына үміт артады. Шұбатты көптеген ауруларды, атап айтқанда рак, Альцгеймер дерті, сары ауру, өкпе ауруларына шалдыққандарды емдеуге пайдалануға болатындығы, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған, дейді ғалым. Қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі шұбат – шипалы ем, нәрлі сусын. Халық оның қоректік, емдік қасиеттерін алуан түрлі ауруға ем ретінде де пайдаланып келген, сусын адам ағзасында жеңіл қорытылады. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады.
Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 428.79 Kb
Количество скачиваний: 139
Просмотров: 602

Похожие материалы