Үшбұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар. Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары, биіктіктері.

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пәні: геометрия
Сыныбы: 7                                           

Сабақтық тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері. Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар. Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары, биіктіктері.
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларда үшбұрыш, оның элементтері, биіктігі, медианасы, биссектрисасы туралы түсінік қалыптастыру, қабырғалары бойынша және бұрыштары арқылы түрлерін ажырату, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету.
• Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.
• Жылдамдыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өзін бағалай алуға, сенімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: - Мазмұнға байланысты: Үшбұрыштың анықтамасын, элементтерін, түрлерін біледі, оладың айырмашылықтарын түсінеді, ажырата алады, есептер шешеді. СТО ойлауды дамытуға байланысты: Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді, алған білімін өмірде қолдана алады.Топпен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа үйренеді, өз білімдеріне қорытынды жасай алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап,блум таксономиясы, топтастыру,СТО, бағалау,АКТ
Көрнекілігі: слайд, смайликтер, стикерлер, үшбұрыштар,фигуралар,  түрлі - түсті қағаздар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару

  Сабақтың мақсат, міндеттерін нұсқау, (шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер білдіру) топқа бөлу, әр топтың бақылаушысын сайлау.
2. Өткенді қайталау (Блум таксономиясы бойынша сұрақтар)
   "бұрыш" туралы не білеміз? (аты, өлшейтін құрал, өлшем бірлігі)

 4 топ бір-біріне сұрақтар қояды.

  Сұрақ қойған, оған жауап берген оқушыларды топ бақылаушылары  үшбұрыш ұпайлармен бағалайды. Топтар өзара бағдаршам түсімен бағалау жүргізеді.
3. Жаңа материалды игертуге дайындық (слайд )
Өмірдегі көріністерден мысалдар келтіру:
- Үшбұрыштар (біз қандай фигуралар жинадық)
- Ендеше қоршаған ортамыздағы үшбұрышты заттарды елестетейік
- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.
- Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы, т. б.
- Енді үшбұрышты геометрияда қалай салатынымызға тоқталайық
- Алдымен жазықтықтан 3 нүкте белгілеп аламыз және оларды белгілейміз. Олардың арасын кесінділермен қосамыз. Сонда үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар элементтерден құралған геометриялық фигура пайда болады.


Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 1.94 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 285

Похожие материалы