Шетел тілін оқытуда жобалау технологиясының ролі

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:
" Жобалау жұмысының әрбір кезеңінде мұғалімнің ролі өзгеріп отырады. Жобалау жұмысын дайындау кезінде жобаның идеасын көрсету, қойылым жасау немесе оқушылардың жобалау идеасын өздері ойлап табуына жағдай жасау, алғашқы жоспар жасауға көмектесу, яғни, іріктеу ұйымдастырушылық функция атқарады. Жобалау жұмысын қою кезінде мұғалім көмекші, жекелеме сұрақтар бойынша кеңесші, қосымша ақпарат көзі болады. Жеке кішкентай топшалармен жобалау жұмысына қатысушылардың барлығын үйлестіріп отырады. Жобалау жұмысының қорытынды кезеңінде мұғалімнің бақылау бағалау функциясы артады, себебі жұмыстың нәтежиесі шығарылатын кезде мұғалім дербес эксперт ретінде қатысады. " Әрбір жобалау жұмысын орындаудың мақсаты өзгеше, шынайы өмірмен байланыстыра оқыту арқылы қажетті нәтежиені дайындауда өз беттерімен әдеттен тыс формаларды таңдауға талпындырып, мақсатқа жетудің жолын көрсету. Әдістемелік жобаларды орындау үшін түрлі аннотациялар, пікір, сауалнама, кестелер, бейнелеу, фото, үнтаспа, бейне есептер, сценарий, мақала, көрмелер, т.б. дайындалады. Оларды әр түрлі формада өткізуге болады. Мысалы, дискуссия, талдау, ролідік ойын, көрме, хабарлама, баян- дама, конференция, т.б. Ең алғашқы жобалар оқушыларды шынайы еңбек әрекетіне, яғни өндірісте немесе ауыл шаруашылығына кешенді түрде араластыруға әрекет жасады. 60-70жылдары жобалау әдісінің жаңа баламасы сынып сабақ жүйесі пайда болды. Қазіргі кезеңде осы жүйе шетел тілін оқытуда және оны оқыту әдістемесінде кеңінен қолданылады.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 700 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 89

Похожие материалы