Здесь была ссылка на работу Шокан Уалиханов автора Ниязов Серик УЗАКБАЕВИЧ.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
№80 мектеп-гимназия. география пәні мұғалімі Ниязов Серік Тізбектелген төртінші сабағыма рефлексивті есеп Мектептегі тәжірбие кезеңңнде тізбектелген сабақтар топтасасының төртінші сабағым 8 а сыныбына Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов тақырыбында болды.Оқушылармен амандаса отырып , Қазақтың тұңғыш географ -ғалымы жайында сабақ өтілетінін айта отырып сабаққа сәттілік тіледім. Жоғары сынып оқушылары болғандықтан сыныптағы ынтымақтастықты қалыптастыру негізгі жұмыстарым болды,себебі ынтымақтастық оқу бірлескен жұмыстардағы нәтижеге бағытталған құрылым деп айтсақ болады. Сиқырлы микрофон арқылы әр топтан 2 оқушы сабаққа,сыныптастарына сәттілік тіледі.Жолдастарының сәттілік тілеуі,сыныптастардың көңіл-күйін көтеруге ,сабаққа деген сенімдерінің артуына үлкен әсері болғанын байқадым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.(Ман ,61 бет) .Сабақ барысында ақпараттық технологиялардың көмегі ұшан-теңіз ,соның дәлелі микрофонды пайдаланып оқушылардың сабаққа сәттілік тілеуі еркін ойын білдіруне мүмкіндік берді . Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде сыныптығы жас ерекшеліктері бар 3 оқушыны есепке ала отырып және тұйық оқушыларды сабаққа тарту мақсатында алдын-ала «Мен білгім келеді ?«айдарымен оқушылардан видеосұрақтар дайындадым . Сыныптағы оқушылар сұраққа жауап бергеннен кейін , сұрақ қойған оқушы жауап үшін рахметін айтып ,қолынан алды.Тапсырма барысында тұйық оқушылар өздерін экраннан көріп ,сыныпта тапсырманы орындауда өзіндік үлесі болғаны қуаныш сыйлады. Сергіту сәтіне жадыны дамытуға арналған жаттығуларды назарға ала отырып интерактивті тақтадан өтілген тақырыптар бойынша тізбектелген сөздер берілді,оқушыларға оны есте сақтап,интерактивті тақта жабылған соң қағазға тізбекті сөзді жұп болып жазады. Сөз тізбегі 1 минуттан кейін қайта көрсетіліп жұптар жауаптарын тексереді.Толық және жылдам орындаған жұптар тақтаға шығып оқыды.Жаттығуды жылдам орындағандарға сынып жарайсыңдар деп 3 мәрте қол соғып қошемет білдірді жүздеріндегі қуаныштарын жасыра алмады .Сабақ бойынша оқушылардың білімдерін шыңдап,оқылған материалдарды еске түсіріп отыруға, жадыны дамыту жаттығуларының маңызы ұшан-теңіз ,сол себепті сабақта көп пайдаланып отыру керек деген ой түйдім. Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыларды топтастыруды ұйымдастырдым. Оқушылар зертеушілердің зерттеген жерлері жазылған қағаздарды ала отырып, зертеушінің аты жазылған партаға топтасу қажет болды.Сыныптағы М есімді оқушы шатасып басқа топқа отырып қалды.Топты жақсы үйлестіре білетін А деңгейіндегі Қ есімді оқушы : Сен қателескен болуын керек М ,зерттеуші А.Бутаков емеспе Арал теңізін толық сипаттаған ,оған қарсы топқа баратының айтып бағыт-бағдар берді.Ол өзіңің қатесін түсіне отырып,отырған бойдан оқулыққа қарап өзінің қателескен тұстарын анықтады. Тұсаукесер кезеңінде Шоқан жайында фильмнен үзінді көрсете отырып (Б Ж Ә) нысаны бойынша фильм кім жайында болды ? деген түрткі сұрақ қойып,оқушылардың Шоқан бейнесін қалай танитынын байқадым .Себебі оқушылар ол фильм жайында ғана айтып қойған жоқ,оның кейіпкері саяхатшы,зерттеуші ,ғалым деп ол жайында қосымша мәлімет бере алды.Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен танысуға уақыт бердім. Тақырыпты кеңінен ашу мақсатында оқушыларға: Не себепті Ш.Уәлихановты Қазақ халқының біртуар ұлы деп атайды ? сынама сұрақ қойған кезде география пәніне қызығушылық танытатын орта деңгейлі : Л есімді оқушы қазақ халқының тұңғыш географ-саяхатшысы болғасын деп жауап берді.оны батыр деп айтқым келеді деді. В деңгейлі М есімді оқушы ғалым аз ғұмыр сүрседе,артынан өшпейтін еңбек қалдырған деп жауапты толықтырды.Керемет жауаптар , оқушылар ,ал енді тағы кімді Қазақ халқының біртуар ұлы деп атар едіңдер деп сұрақ қойдым? Оқушылар сабаққа қосымша ақпарат алуға дағдыланғанын көрсете білді.Олар телефон арқылы ғаламтордан қосымша ақпарат іздеуге кірісіп кетті.А деңгейлі оқушылар алғашқы жауаптарын бере бастады. Оқушылар Б.Момышұлын,С.Торайғыровты,М.Шаханов т.б көптеген тұлғаларды атап өтті.Жақсы еліміздің біртуар ұлдарын жақсы білесіңдер,ал осылармен Шоқан арасындағы ұқсастық бар ма?деген ашық сұрақ қойдым. М есімді оқушы С.Торайғыров аз өмір сүрседе ,өшпейтін мұра қалдырған деп осы арадағы ұқсатығы бардесе, О есімді оқушым басын қатерге тігіп Қашғар жеріне саяхатқа шығуы ерлік емеспе ,мен батырлармен теңестіремін деді.жоғары деңгейлі