Материал Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі автора Алимбетова Индира Амангелдикызы временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
О,Нартай, шешен таңдай,қасқа маңдай, Сөзің тәтті дәмді екен шекер балдай Жүректі сілкіндіріп бір ояттың, Сарғайып күншығыстан атқан таңдай Ж.Жабаев Қорқыт баба қобызы әдемі әуенімен тербеткен киелі өлке - Сыр топырағы өзгеден өнер оздырған таланттарға кенде емес. Қазақ даласында сазгерлік, жыраулық сынды дәстүрлі өнердің ұлттық өрнегі мен бояуы бұзылмай сақталған өңір де осы Сыр өлкесі. Сол киелі өнердің көшін талай – талай талантты толқын жалғастырып, желісін үзбей бүгінге жеткізді. Қазірде үлкенді - кішілі өнер додаларында Сыр бойының мерейін асқақтатып жүрген таланттарымыз осы өлкеде ежелден қалыптасқан өнердің бұрынғыдан да биіктей түскенін үнемі дэлелдеп жүр.Сонысымен де Сырдың өркенді өнерінің өрісті екеніне сендіреді. Қай заманда да өнер иелері, ақындар, әншілер, жыршылар халықтың ең сыйлы, ең абзал, ең ардақты азаматтары болған. Олар ел басына күн туғанда күңгірт тартқан көңілге шуақ орнатып, жылағанын жүбатқан, егілгенді қуантқан. Сондықтан да халық мүлдай эншілер мен жыршыларды, ақындар мен жазушыларды жанындай жақсы көріп, керемет қү-рметтеген.Айтыста жеңіп шыққан, ән салса озып шыққан шашасына шаң жұқпаған жүйрік, Сыр бойының топ жарған саңлағы Нартай Бекежановты да туған халқы дәл осылай сыйлаған.Сыр бойының дарынды ақыны, бұлбұл үнді әншісі Нартайға деген ыстық ықылас бұдан былайғы уақытта да ешқашан бәсеңсімек емес.