Шығармашылық есебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Предмет:
Другое
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Баянбаева Рауан Бейсенбаевна
Здесь была ссылка на работу Шығармашылық есебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі автора Баянбаева Рауан Бейсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс . «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модулі сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін» (мұғалімге арналған нұсқаулық 42-бет) Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында мектептегі зерттеуге алған нысаным - 5 - сынып оқушылары. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым - белсенділіктері төмен оқушылардың ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап береді, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын. Зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыруды алдыма қойған басты мақсат . Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем олардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы мәселені шешуде мен сын тұрғысынан ойлау модулін әдебиеті оқыту барысында қолдану өте тиімді. Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау шығармашылыққа бағыттау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жұмыс жүргізуіне жағдай жасадым. Глейзердің айтуы бойынша сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсау» (мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет Біздің мақсат – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін тұлға болуы тиіс. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Осыған байланысты мен оқушының пәнді терең түсінудегі қабілетін дамытуды, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы жүзеге асыруды көздедім.Конструктивті оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы басымдылық мұғалімнен гөрі оқушыға тән құбылыс. Мұғалім сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылады.