"Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт" тақырыбындағы сабақ
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Найманова Айгуль Алибековна
|
7 «Б» сыныбында өткізілген сабағым жақсы өтті. Жоспарлаған әдістерім мен тапсырмаларым толық іске асырылды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі, қай тапсырманы да ынтымақта, ықыласпен орындады. Ортақ сұхбат, өзін-өзі реттеу, ЖАДА т.б. жаңаша оқытудың тәсілдері көрініс тапты.
Не сәтті өтті?
«Джиксо» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау ойдағыдай өтті. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз бетінше материалды игерді. Топ мүшелері өздеріне үлестірілген мәтін бөлігін талқылады, аударды, жаңа сөздердің мағынасын тапты. І турда, ІІ турда әр оқушы өздеріне тиісті сабақ мазмұнын айтып, әр оқушы бағаланды. Сын тұрғысынан ойлана отырып «ең жақсы сөйлеушіні» өздері анықтады. Бұл жерде жеті модуль идеяларының барлығы қолданылды деуге болады: диалогтік оқыту, СТО, бағалау, көшбасшылық, жас ерекшеліктері, дарынды және талантты балалар т.б.
Топтық үй тапсырмасын қорғау, «артық сөзді тап», FILA кестесін толтыру, рефлексивті экран секілді сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдандым. Оқушылар қызығушылықпен бұл тапсырмаларды орындады. Ең бастысы жоспарланған іс әрекеттер толық қырық бес минут уақытты қамтыды.
Не сәтсіз болды?
Джиксо әдісіне байланысты төрт топ құрылып, әр топта нөмірленген бес оқушыдан отыруы тиіс. Екінші айналымда оқушылар өз өміріне сәйкес басқа оқушылармен топтасуы керек және әрқайсысы мәтін бөлігін баяндауға тиіс. Алайда үш оқушының сабаққа келмеуіне байланысты екінші айналымда кейбір топта толық мәтін мазмұнымен таныса алмады.
Менің сүйенетін күштерім...
Оқушыларымның қазақша сөйлеуге деген талпынысы, өз қателерін өздері көріп, түзей білуі мені қуантады. Сабағымды жетілдіруге, жақсартуға мүмкіндік береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 368.71 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |