Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Алимова Гульмира Елюбаевна
|
Сабақтыңтақырыбы: «Өсімдік - өмірсәні, өмірнәрі»
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: Оқушылардың,ойын арқылы, биология пәніне қызығушылығын оята отырып,
«Жасуша құрылысы», « Өсімдіктер, олардың мүшелері» тарауларынан алған
білімдерін тиянақтау, биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,еске түсіру,
естерінде қалдыру;
Дамытушылық: күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны мен маңызын терең түсіндіру;
Тәрбиелік: экологиялық және эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: ойын, сайыс, шығармашылық
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, АҚТ-ны қолдану, ой қозғау, тестілеу, полиглот,
суреттеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, тест тапсырмалары, интерактивті тақта, слайдтар.
«Бір тал кессең, он тал ек»
«Дала көктен шығады, дәрі шөптен шығады»
«Өсімдік - өмір кілті»
«Сенің денеңнің қуаты, өсімдіктің шырынында»
Мүғалім: Хош келдіңіздер, ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ғұлама жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті жастар қажет. Бүгінгі «Өсімдік-өмір сәні, өмір нәрі» атты сайысымызда 6-7 сынып оқушылары өз білімдерін сынға салады. Биология пәнінен алған білімдеріңді, қосымша өздері оқыған материалдардан білгендерін бүгін ортаға салмақшы. Ендеше оларға сәт сапар тілейміз!
Сайысымызды бастар алдында біздің сайысымызда әділ қазылар төрелік ететінін ескерте отырып, таныстырып өтелік.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 680.46 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |