Солтүстік Американың ішкі сулары (7 сынып)
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кереева Мадина Онайбаевна
|
Тақырыпқа қойған мақсатым: Солтүстік Американың ішкі сулары - өзендері, көлдері, сарқырамалары жайында толық мағлұмат алады.Сыни ойлау көзқарасы, дүниетанымы дамиды.Табиғатты аялауға үйренеді.
Сабағымды оқушылармен амандасып, шаттық шеңберін құрудан бастадым.Бір-біріне жақсы тілек айтқан кезде кім-кімнің де көңіл күйі көтеріліп қалатыны жасырын емес.Сондықтан сабағымды «Жылы жүрек –ізгі тілек» тренингімен бастадым.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастады.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
Бұл сабағымда топқа бөлудің басқа нұсқасын қарастырдым.Өткен материалдарды еске түсіру мақсатында, тақтаға артына үлдірлер жазылған төрт түсті үлдірлерді жапсырып қойдым.Түстерге байланысты топқа бөлінді және сұрақтарға жауап берді.
Сабақ СТО-ның үш кезеңін қолдандым.Атап айтар болсам –қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.
Қызығушылығын ояту үшін мына өлең шумақтарынан бастадым:
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
Оқушылар жаңа тақырыпты ашты.Зейіндері шоғырлана бастады.
Мағынаны тану кезеңінде СТО-ның «Бүтінді бөлшектеу, бөлшекті бүтіндеу» стратегиясын қолдандым.Мәтінмен жұмыс, алдымен жеке жұмыс, содан соң топтық жұмыс жүрді.Оқушыларға ғаламтор желісіне қосылып, оқулықтан бөлек қосымша мәліметтер жинақтауына болатынын айттым.
Ой толғаныс кезеңінде СТО-ның ББҮ стратегиясын қолдандым.Тақтадағы кестені толтырды. Үйге : Материктің ірі өзендері мен көлдеріне қысқаша хабарлама дайындауды тапсырдым.
Әр тапсырма орындаған сайын оқушыларды шапалақтап, марапаттап отырды.Сабақтың үш кезеңінде тақырыпқа байланысты материктің ірі өзендерімен бағалауды жөн көрдім.
Сабақты қаншалықты білім алғанын білу мақсатында кері байланыс жасаттым.Мынадай сұрақтар қойдым.
- Сабақта не ұнады?
- Сабақта не қиын болды?
- Тілегің?
Балалар өз пікірлерін үлдірлерге жазып, тақтаға ілді.
Кездескен қиындықтар:
Уақыттың жетпей қалуы, топаралық бағалауда бір-біріне төмен бағалар қойды.Себебін сұрағанымда олар да біздің топты солай бағалады – деп жауап берді.Олай жасамау керек екендігін айттым.
Жетістігім:
Сыныпта оқу ортасы құрылды.Сын тұрғысынан іс-әрекетті жүзеге асты. Бағалаудың түрлерін үйренді
Топпен және жұппен жұмыс жасауға үйренді.Ынтымақтастық қалыптасты. Өзара пікір алмасуға және өз ойын қорғауға үйренді
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.36 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |