Спандияр Көбеев « Шал мен балалар»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Күні: 10.І.2014 Пәні:  Ана тілі Сабақтың тақырыбы.   Спандияр Көбеев « Шал мен балалар»  Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс,  түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға үйрету  2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап               жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.   3.  Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі.               Аралас  сабақ. Сабақтың әдісі.              Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу. Көрнекілігі.                    С. Көбеевтің суреті, сөзжұмбақ, тыйым сөз.    Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру   кезеңі:                               .    1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын  хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару     2.Сабақ  мақсатымен таныстыру. ІІ. Жаңа сабақ 1. Кіріспе.         -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімінің Шал мен балалар мәтінін оқимыз.         -Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма? - Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?  - Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?            2. Мұғалімнің түсіндіруі. Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау) Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?   -     Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.  Оқулықпен жұмыс.     -  Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.                                           -  Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу.                                           -   Балалар неліктен ұялды?  Жаңа сабақты бекіту 1.   Дәптермен жұмыс.       - Мына тыйым сөздерді оқып көрелік « Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.» оны қалай түсінесің?            2.  Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай? 3.   Мәтінге басқаша ат қой.                                                                        Қорыту.-   Бүгінгі сабақтан не білдік? -  Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ? -  Ойланып жауап бер.Асқар дастарқан басында шешесіне: - Сен шайды көп ішесің, - деп кінә тақты.-  « Сен » деме, « сіз» деп сөйле, -деді оған әкесі. -  Менің досым Сергей әке- шешесіне « сен » деп сөйлейді ғой.  «сен» деп сөйлейді ғой. « Сен » деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе ?- деді Асқар.Кімнің пікірі дұрыс? Сен ата- анаңа не дейсің? Оқушылардың білімдерін бағалау,  Қорытындылау. Үйге: «Шал мен балалар» оқу  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.92 Kb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 230

Похожие материалы