Құстарды топқа бөлу.

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні: 10.04.15. Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Құстарды топтарға бөлу, сол топтардың өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру.

дамытушылық: құстарды топтарға бөлу, сол топтардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелей, қорытындылай отырып оқушылардың білімдерін дамыту. тәрбиелік: құстарды қорғауға, оларға қамқор болуға, оқушыларды жауапкершілікке, табиғаттың адам өмірімен байланыстылығын ұғындыру арқылы оны аялауға баулу. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ-жауап, кластер, шығармашылық жұмыс, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта, құстар суреттері, буклеттер, «Ағаш» ойынының суреті, салыстыру кестесі, кеспе қағаздар, буклеттер, слайдтар

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, постермен жұмыс,диологтік әдіс, әлемді шарлау, электронды оқулық. Сабақтағы жұмыс түрі: топтық, жұптық, жеке Негізгі идеялар : Ынымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ-ны пайдалану Күтілетін нәтиже: Оқушылар:

1.Құстардың топтарға бөлінуін

2. Маусымдық құстарды таниды

3. Жыртқыш құстарды танып біліп шығады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

А) Сәлемдесу.

Б) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Ынтымақтастық атмосфера орнату үшін «Шаттақ шеңберіне»тұру, сәлемдесу.

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа ақпаратты қабылдауына және меңгеруіне жағдай туғызу.

1. Құстар туралы видео (Ой тудыру)

2. «Сиқырлы ұяшықтар». (ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты анықтау)

3. Топтарға тапсырмалар тарату (қызыл,жасыл,сары)(құстар үні музыкасын қосу)

1-топ: Дене құрылысына байланысты

2-топ: Экологиялық топтпрға байланысты

3-топ: Отрядтарға байланысты

(постер дайындап, қорғайды, қолдау көрсетеді)

** «Қызыл кітап» - слайд-презентация қорғау (алдын-ала берілген тапсырма)

** «Сергіту сәті»

4. Биологиялық диктант. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

5. «Адасқан әріптер» (топтарға тарату, тақтадан тексеру)

6. Сәйкестендіру кестесін толтыру. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

7. Сызықтық диктант. (Әр оқушының қолына беріледі)

Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса «+», қате болса «-» белгісін қояды.

  • 1.Құстардың қанқасы жеңіл әрі берік.
  • 2.Құстар салқынқанды жануарлар.
  • 3.Ірі қауырсынның теріге еніп тұрған бөлігі – қаламша
  • 4.Қыртөссіздер төс сүйегі жалпақ болғандықтан ұша алмайды.
  • 5.Пингвиндер жақсы жүзеді, ұшады.
  • 6.Қаздыр, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар орман құстары болып саналады.
  • 7.Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп атайды.
  • 8.Аққудың қоразы «саһар», балапаны «көгілдір» деп аталады.
  • 9.Құстың жүрегі үш қуысты, бір қанайналым шеңбері болады.
  • 10. Құстар – дара жынысты іштей ұрықтанады.

Жауатары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

+

-

+

+

-

-

+

+

-

+

ІV.Тақырыпты алғашқы қабылдауын тексеру.Қорытындылау.

9. Топтастыру стратегиясы «Құстар» -Интербелсенді тақамен жұмыс.

V.Үйге тапсырма беру:

*§ 56. Құстарды топқа бөлу.

*Құстар туралы аңыз- әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер жинақтап келу.

*Құстар туралы: “Ең,ең,ең...” мәліметтер жинау.

VІ. Бағалау. «Бес саусақ» стратегиясы бойынша.

VІІ. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» ағашына жапсыру. Бүгінгі сабақтан үйренген екі мәліметті және білгісі келетін бір мәліметті жапырақ стикерге жаза отырып, «Екі жұлдыз, бір тілек» алма ағашына жапсыру .

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 48 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 181

Похожие материалы