Статья на тему "Сабақта АКТ - ны қолдану тиімділігі"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Беспаева Айсулу Оразовна
|
Қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде қолдану, білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалану
және оқушыларда ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру мұғалімдердің басты мақсатына айналып отыр.
Ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлау және оны білімденушіге жеткізу үрдісі. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникацияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары өте көп. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану білімденушілердің өзіндік жұмыс түрін дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың өзі - өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау жұмыстарына негізделген оқыту мүмкіндігін қарастырады. Оқыту үрдісі – екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына , олардың өз еркімен амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни, оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау және меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін белсендіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның келесі түрлері қолдануда.
- Интерактивті тақтаны пайдалану:
- Компьютерлік ойындар, компьютерлік бағдарламалар:
- Ақпараттық – анықтамалық жүйелер:
- Электронды оқулықтар:
- Телекоммуникация құралдарын пайдалану:
- Мультимедиялық бағдарламалар және т.б.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиясын басқару оқу – тану міндеттерін шешуге және оқу жұмыстарын даралауға арналған құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін, әрі соған ыталандыратын біріңғай ақпараттық білім беру ортасын құру міндетіне иіреді.
Ғалым В.Красильникованың берген анықтамасына сүйенсек, ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – танымдық іс - әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті психологиялық – педагогикалық шарттар, қазіргі оқыту технологиялары мен бағдарламалық - әдістемелік құралдар жиынын бере алатын және білім алудың материалдық рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік – психологиялық нақты орта.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.4 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |