Статья "Семейное воспитание - основа ценностей человека"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен нұр жоқ жерде тірлік мақұрым. Ал, ол екеуінің көктегі көзі – Күн де, жердегі көзі – атынан айналайын, Ана. Ананың мейірін ақтай алмаған ұлдың, мерейін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес.

От басы түзелмей, Отан түзелмейді.

Тәуелсіз ел болып жатқан жұртымыз қиын жылдарда да ақ бесікті құр тастамаған, қилы кезеңдерде де атаның ақ тілеуін аттамай, жар сыйластығына адал бола білген, соның арқасында қандай зұлматтан да халықтық кейіпіміз бен халықтық құлқымызды аман алып шыға алған Аналарымызға – Қазақ әйелдеріне қарыздармыз.

 

Анадан ақ сүт ему – елдігіміздің кепілі! Азат еліміздің мерейінің биіктей берер кепілі  де ақ сүтпен бірге емер адал тәрбие. Ұлттық дамуымызға жаңа қарқын, жаңа сипат бітірер тұста жеткіншектерімізді адалдыққа, меймандостыққа, бауырмалдыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеумен қоса, ыждаһатқа, ұрымтал қимылдап, ұпайын ешкімге жібермейтін ұғымталдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлінсе, лазым. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 131

Похожие материалы