Статью на тему: "Жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту-патриотизмге тәрбиелеудің негізі"

Предмет: Другое
Категория материала: Статьи
Автор:

Еліміздін егемендігі мен тәуелсіздігін нығайып дамуының басты шарттарының бірі- оның азаматтарының патриотизмі. Жүрегінде оты бар, бойында ұлттық қаны бар жас жеткіншектеріміздің патриоттық сезімін оятып, ұлттық рухта тәрбиелеу, «қазақстандық патриотизм» ұғымдарын ұрпақ бойында дарыту- біздің басты мақсатымыз.

Президент Н,Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында; «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет.... Бүгіннен бастап ұлттық мінез- құлық, биік талғампаздық, тәккапарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

Бүгінгі күні тәуелсіз ел болып, қазақ ұлты атанып отыруымыздың өзі ата –бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. «Анадан ешкім батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспиді. Табандылықтың атасы-татымды тәрбие. Ерлік тамыры-елдің елеулі дәстүрінде». Ерлік-асыл қасиет, Отанын,халқын сүйген, оларға бүкіл ар-намысымен беріле қызмет етуді мақсат еткен, сол үшін саналы түрде күрескен, айтарлықтай тәтижеге жеткен адамға ғана тән қасиет. Мұндай адамды ер дейміз, патриот дейміз, батыр дейміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.96 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 117

Похожие материалы