Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

атты шығармашылық кештің өту барысы 

            Құрметті әріптестер!

            Бүгінгі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты «Зерде» тобының шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған шығармашылық кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

            Бүгінгі таңда «Зерде» шығармашылық топ мүшелері тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттауды жоспарлап, тиянақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдер шығармашылық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, тәжірибелерін насихаттады.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын – деп, бүгінгі шығармашылық есеп беретін мұғалімдермен таныс болыңыздар:

(слайдтан мұғалімдер тізімі көрсетіледі).

Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап ән жолдаймыз.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Бекенова Ләйлә   Қабыл алыңыздар.

І. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп, ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Бастауыш пән бірлестігінің мүшелерін шақырамыз.

1)Алғыс сізге алғашқы ұстаз,
Бізге үйреткен әліппе.
Атыңызды дәріптеп
Құттықтайды шәкірттер – ортада 3-сынып оқушылары. (оқушылар құттықтауы)

        Әріптері үйреткен,
        Көркемдейді серік еткен
        Бастауыш сыныпқа білім берген Қали Ақмарал Тлеубекқызын шақырамыз.

2) Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім - деп құттықтау үшін 9ә-сынып оқушыларын шақырамыз.

Зиятова Маржан Жұмағаділқызы – «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.

ІІ. Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар!
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар! –ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Гуманитарлық пән бірлестігінің мүшелерін шақырамыз.

3) Жарқын жүзді ұстазым, мейірбан, сабырлы.
Ауызынан шыққан сөз бар шәкіртке қадірлі.
Келдім міне алдымда, бір шоқ гүлім қолымда
Саған шәкірт болмақпын ғылым білім жолында – деп шәкірттерді ортаға шақырамыз.

Имахан Күлзира Шәріпханқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

4) Тойлайды бұл күнді көктен,
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер – деп кезекті құттықтауды  шәкірттерге береміз (шәкірттер құттықтауы).

Құсаинова Гүлжан Орынбекқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

ІІІ. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік! – құттықтау үшін сөзді Қоғамдық-гуманитарлық  пән бірлестігінің мүшелеріне береміз.

5) Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы...- ортаға құттықтау үшін шәкірттерді шақырамыз.

Жүнісова Әсел Ибрагимқызы – тарих, құқық пәндерінің мұғалімі. 

6) Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры-ортаға ұстаз шәкірттерін шағырамыз (шәкірттердің құттықтауы).

Келесі сөз кезегін мектебіміздің психологі Рахметова Гүлім Төлеуғазықызына береміз. Гүлімнің білімі – жоғары, еңбек өтілі – 5 жыл. Іс-тәжірибесі республикалық ғаламтор сайтында насихатталып таратылды.

ІҮ. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман – дей келе құттықтау үшін сөз кезегін Нақты ғылымдар пән бірлестігінің мүшелеріне береміз.

7) Шәкірттерінің жанына нұр құйып,білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарымыз-дың бірі - Аубакирова Айгүл Сайлаубекқызы – математика пәнінің мұғалімі.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Сіздерге арнап ән жолдаймыз.

Ән: «Жетіарал»

Орындайтын: Әбілқасымова Ұлжан.  Қабыл аламыз.

 

Шығармашылық кешімізді қорытындылаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.81 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 190

Похожие материалы