Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз болу жүректің батырлығы" сценари
| Предмет: | Классному руководителю |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Карткожаев Талгат Есетбаевич
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
«Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты музыкалықкеш.
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығыныңқыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Би: «Қазақ» биі Жорға би тобының орындауында.
Фанфар: 2 – жүргізуші ортаға шығады.
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз!
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.
І жүргізуші: Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
|---|---|
| Размер: | 33,0 КБ |
| Количество скачиваний: | 30 |