Үстеудің мағыналық түрлерін оқытудағы интерактивті әдістер
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Құдаймендинова Үмітжан Құрмантаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Мезгіл, мекен үстеулері. Білім жолында.
Сабақтың мақсаты: Үстеу және оның түрлері, мағыналық топтары, қызметі, емлесі туралы түсінік беру. Білім жолында мәтінімен жұмыс жасау.
Сабақтың міндеті:
1.Білімділік: үстеу, оның түрлері туралы түсінік беру. Оқушыларға үстеудің мағыналық топтарын, сөйлемдегі қызметін, емлесін меңгерту. Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін кеңейту. Оларға үстеудің түрлену ерекшеліктерін ұғындыру.
2.Тәрбиелік: сабақта пайданылатын мәтіндер, нақыл сөздер, жұмбақтар арқылы оқушыларды адамгершілікке, елін сүюге, адалдық, ізгілікке баулу, ғылым-білімді меңгерген, көкірегі ояу азаматтарды тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: ауызша және жазбаша сөздік қорын байыту, жаттығулар жазу машығын қалыптастыру, сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы үстеуді табу, оларды жан-жақты талдау, оқушы ойын дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдістер, аудиовизуалды әдіс.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті әдістер , аудиовизуалды әдіс.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру (1 минут)
2.Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (15 минут)
4.Сөздікпен жұмыс (5 минут)
5.Мәтінмен жұмыс ( 5 минут)
6. И/а тақтамен жұмыс (7 минут оқушылар талдайды)
7.Жұмбақ шешу (3 минут)
8.Буындардан сөз құрастыру (2 минут)
9.Үй тапсырмасын жазғызу
10.Рефлексия
11.Қорытынды
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 598.39 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |