Сәулет ескерткіштері

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау
Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кесенелер суреттері
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық."Әр елдің сәлемдесуы"

Қазақстан- қол алысады,

Италия- құшақтап амандасады,

Зимбабва- арқаларымен төс қағысу

Македония- шынтақтарын тигізе амандасу,

Никорагуа-иық қағысады

Бразилия- арқа сипайды

Австралиялық аборигендер- қол шапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.

2.Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Миға шабуыл:

Сәулет өнері туралы не білесіздер?

Кесене деген не?

Жауабы:

Сәулет өнері (архитектура) –құрылыс, тұрғын үй салу және жобалау өнері.

Кесене - қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған құрылыс
Біз орта ғасырлар деп қай ғасырларды атаймыз?
Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері .
Қазақстан жерінде осы кезеңге дейін сақталған ортағасырлық сәулет туындыларынан айтамыз. Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Қожа Ахмет Иассауи т.б.кесенелер.Алаш хан, Арыстан баб, Бабаджа қатын.
Картадан орналасқан жерлерін көрсету

Мағынаны тану.Топпен жұмыс.Оқушыларды топқа бөліп, кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып, ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
Қолдану. Деңгейлык тапсырмалар. Жұмыс дәптермен жұмыс.

IV. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласып, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма.
§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.79 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 137

Похожие материалы