Сүйемін сені -туған өлкем

Предмет: География
Категория материала: Тесты
Автор:
Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда Абай шығармаларының               негізіне  бейімдеу. Жалпы білім беру бағдарламасына «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілгеніне биыл төртінші жыл .«Өзін- өзі» тану- тек өзін- өзі тану туралы білім емес.Сонымен бірге бұл пәннің  негізгі мақсаттарының бірі - ата- аналардың мектеппен өзара ынтымақтасу арқылы балалардың рухани байлықтарын арттыру.Өзін- өзі тану- нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән.Ал нағыз адам болу-Отан алдындағы борышын өтеу,мейірімді, адал, шыншыл болу. Э. Хемингуэй: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады.Жер басып жүрген әр бір адамның өмірде өз міндеттері бар»  деп айтқандай әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында із қалатындай мәнді өткізуі керек.Яғни , бұл пән өмірдің мәнін түсіндіретін пән деп айтсақ болады.          С.А.Назарбаева: «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл- қызымызға көзбе- көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»    Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі қазіргі кезде өзекті сипатқа ие болып отыр.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік- рухани қайнарын сіңіріп, мінез- құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.          Біздің халық ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген дана халық.Балаға өмірдің алғашқы жылдарынан-ақ рухани- адамгершілік тәрбиені берудің маңызы зор. Жастайынан бойына сіңген мінез, басқа бір зор күш әсерінен жойылмаса, есейгенде де сақталады. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақал ең алдымен, тәрбие мәселесіне қаншалықты мән берілетінін көрсетеді.Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген, ең басты қағида «Адам болу», яғни құнды қасиеттерге ие болу- ол ата- ананы, үлкенді сыйлау, құрметтеу, шыншыл, әділетті болу.Халық даналығында «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған. Осындай  жас ұрпақққа өте қажетті пәнді көрегендікпен ,дер кезінде мектептерге жеке пән ретіде енгізгеніне Сара  Алпысқызына алғысымыз шексіз .Тарихымыздың ұлы тұлғаларының бірі,ислам дүниесінің ең ірі ,атағы әлемге жайылған

Әл-Фараби   өзінің   философиялық , әлеуметтік – этикалық   ой-тұжырымдары  өзінен кейінгі  дәуірлердегі  ойшы.Әл-Фараби «жүре келе дарыған интелект» туралы айта келіп ,адам туғаннан ақылды,білімді болып тумайтынын,интелектің өзі  жүре келе,  естіп, көріп барып ,қана дамиды дейді.Әл-Фарабидің  интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып,қазақ қауымының  жаңа  тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен  жалғастыра түскен сияқты.Абай өзінің«Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің  сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады.Сол естілерден естіп, білген жақсы  нәрселерді  ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,сонда адам десе болады»,-деп жазады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.79 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 128

Похожие материалы