Сын есімнен өткенді қайталау

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Интерактивті тақтадан екі бағанда сын есімдер көрсетіледі, оқушылар өздері білетін негізгі және туынды сын есімдерді  жазады.Мысалы:

Мейірімді, кеңпейілді, ақылды, үлкен, өнерпаз, жаман,  қысқа, ақ, тоғайлы, қысқы, аласа, өнерлі, күзгі, зерек, жеңіл, жұқа, дәмді, тұзды.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ. Мына сөздердің антонимдік, синонимдік қатарларын жаз.
Күшті, биік, қысқа, үлкен, көрікті, әдепті, бойлы, ақылды.
ІІ топ. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін бірнеше сын есім ойлап жаз.
Түрі, түсі:
Сыны, сипаты:
Аумағы, көлемі:
Дәмі, иісі:
Пішіні:
ІІІ топ. Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.
Қысқа – қысқа, көк ала, ап – аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп – тәуір, сұп – сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі – ұсақты.
Жұрнақ арқылы:
Күшейткіш буын арқылы:
Сөз тіркесі арқылы:
Қосарлану арқылы:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.67 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 77

Похожие материалы