Сынып жетекшілеріне арналған "Нашақорлық ғасыр дертті" (8-11 сынып)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: топтың белсенділігін, қарым-қатынасын арттырады

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желіге ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.

          Нашақорлық – күллі адамзат баласына төнген қауіп. Әсіресе, ел ертеңі саналар жастарымызды осы кесірлі дерттен арашалап қалу - аса өзекті мәселелердің санатына жатады.

          Әр нәрсеге оңай еліктегіш, қызығушылығы басым жастарды оның улы шеңгеліне түсіру әккі нашақор мен есірткі саудагері үшін түкке де тұрмайтын іс. Өзінің «дертіне» өзгені де шалдықтырғысы келген нашақор көбінесе жекке басынан өткен оқиғаларды, есірткіні пайдаланғаннан соңғы «ләззат» жайды әдейі қызықты етіп айтып жаңа «құрбандықтың» ой-санасын жаулайды, дәлірек айтқанда улайды. Сөйтіп өзі сияқты ондаған, тіпті  жүздеген нашақорды «іске» қосады. Осыдан-ақ, олардың қаншама адамды есірткіге үйір етерін шамалай беруге болады.

Есірткі грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «нарке» сөзі ағылшын тілінде «наркотик» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сенімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. («стимулятор» - өсімдіктің дамуын жылдамдату үшін қолданылатын химиялық зат) Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

 

          Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 106

Похожие материалы