Сынып сағаты "Менің сыныбым"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бозжигитова Ляззат Конакбаевна
|
Тақырыбы: «Менің сыныбым»
Мақсаты: Оқушылардың «ұжым»,«достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.
Міндеттері:
– ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
– өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
– бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық сәт: Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Бір-біріміздің қолымызды ұстап, оң жақтағы көршіме, сол жақтағы көршіме күлімсіреп қараймыз да барлығымыз «Сәлематсыздар ма» деп айтамыз.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: Балалар, оқу жылы да аяқталып қалды. Бір жылы бойы біз бәріміз бірге көп нәрсе үйрендік, бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болдық. ендеше , біз бүгін өз сыныбымыз туралы сөз алып жыл бойы не білгеніміз туралы қорытындылайық. Жарай ма?
Алдымен, сендер бір-біріңді қаншалықты білдіңдер екен соны байқайын. Мен қазір мінездемелер оқимын, ал сендер бұл кім екенін тауып айтыңдар келістік пе?
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 33.81 Kb |
Количество скачиваний: | 2 |