Сынып сағаты. Тақырыбы: "Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы" (6 сынып)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Тақырыбы: «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы».

Сабақтың мақсаты: топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың Астана қаласының даму тарихы туралы білімді өз беттерінше меңгеруге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы - Астана қаласының даму тарихы жайында түсініктерін кеңейту, жаңа ақпарат алу арқылы білімдерін арттыруға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін ынталандыру, тапқырлықтарын, ой-өрістерін дамыту, өз ойларын шапшаң әрі анық айтуларын қалыптастыру, логикалық тұрғыда талдай білу, өз білімдерін практикада пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу; патриоттық, азаматтық тәрбие беру, еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: СТО, АКТ, пікір алмасу, шығармашылық жұмыс, талдау.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, интерактивті тақта, тақырыптық слайд, ватман, маркер, стикер.

Тәрбие сағатының барысы:

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар - тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. 1 қыркүйек Білім күнімен барлықтарынды құттықтаймын!

2014 жылы 17 қаңтарда ҚР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын ұсынды.

Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласына арналады.

Топқа бөлу:

Кез келген 4 оқушыға жақсы қасиеттерін айту арқылы Бәйтерек, Ақ Орда, Хан шатыры, Пирамида суреттері беріледі. Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту арқылы өз тобына мүше жинайды.

Шақыру:

Әр топ кезекпен бір-біріне тәуелсіз Қазақстан Республикасына байланысты сұрақтар қойып, дұрыс жауаптарын тыңдайды, толықтырулар енгізеді.

Іске асыру:

Әр топ А 3 форматына Астана қаласындағы жаңа құрылыстарды "Жас сәулетші арманы" жобасын салу арқылы көрсетіп, оларды қорғайды.

Жұмбақ картинаны шешу арқылы Астана қаласының символын анықтайды.

Бейбітшілік пен келісім қаласы - Астана қаласына тілектерін стикерлерге жазу арқылы Астана символы Бәйтерек маңына жапсырады.

Қорытынды

Астана қазағымның бас қаласы,
Еркін елдің айбынды астанасы
Гүлденді қазағымның жас қаласы
Көреген Нұр ағаның бастамасы.

Астана айбынды орда қазағыма
Іліккен талай елдің назарына
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына
Даналықтың ескерткіші – Астана

Астанам – бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәңгі жарық аспанымның
Астанам – пейіш қала, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым

 

 

 

                    

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.93 Mb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 172

Похожие материалы