Сыныптан тыс "Бұрымды қыз" сайысының жоспары

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Бұрымды қыз» байқауы

Мақсаты:

1)    Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету;

2)    Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

3)    Көпшілік алдында өзін- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекелік газеттер,  «Бұрымды қыз» фото – буклет, «Қыз өссе – елдің көркі», «Қыз - өмірдің гүлі», «Ою ойғанның ойы ұшқыр» сөздері, ұзын шаштың формуласы, оюдың түрлері, гүлге толы тоқылған ( еңбек сабағында оқушылардың өздері жасаған).

Барысы:

1-жүргізуші:

«Асыл тастан, өнер жастан

шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Жігіттердің атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтау!

2-жүргізуші:

Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананның ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтап етем,

Ақын мен әнші деген- ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

8- наурыз күні құтты болсын,-

Анарлар мен арулар мерекесі!

Мұғалім: Құрметті аналар, ұстаздар аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен – 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе- елдің көркі. Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.

 

      Біздің мектебімізде   мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр. Шашқа қысқарту жоқ деген мақсат қойған  сыныптың барлық қыздарының бұрымдары күннен - күнге ұзарып, бойларына көрік, нәзіктік беріп тұрғандай.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.97 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 138

Похожие материалы