Сыныптан тыс жұмыс "Сөз -мерген" лингвистикалық сайыс

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

       7-9-сыныптар арасында қазақ тілі пәні бойынша "Сөз - мерген" лингвистикалық сайыс өткіздім. 

         «Сөз – мерген» лингвистикалық сайысымыздың мақсаты – бабадан қалған есті сөздің сырына үңілу, мән – маңызын ашу болмақ.

Тәуелсіз еліміздің  мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл үшін күрес - қасиетті күрестің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп атап өткен болатын. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп А.Байтұрсынов айтқандай қазақ тілі мәңгілік ел болудың негізгі белгісі.

              Қазақ тілі –туын биік ұстаған,

              Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

              Қазақ тілі – мәртебелі еңселі,

              Құрметтеп отыр ел сені, - деп

       «Сөз – мерген» атты лингвистикалық сайысымызды бастадық.

Сайыс IY кезеңнен тұрады:

1-кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырып, тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.

2- кезең «Ойлы болсаң, жетіп көр» деп аталады. мақал-мәтелдерді табу.

3-кезең «Шешен болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде шешендігін танытады.

4-кезең.  Көнерген сөздер құпиясын ашу.

   Әр кезеңнің ұпайы шығарылып, 2-ші  және 3-кезеңнен кейін ең төмен ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығарады.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.89 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 121

Похожие материалы