Сыныптан тыс мерекелік іс-шара "Наурыз меркесі"
| Предмет: | Классному руководителю |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
БАЙМЕНОВА АЙСАУЛЕ ГАЙДАРОВНА
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз- яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз- ақ мейрамы ол- Наурыз.
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.
Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір- бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Наурыз- шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз күні салт- санаға байланысты жеті саны шартты: ақсақалдар алдына жеті дәмнің жеті түрінен жасалған «Наурызкөже» жеті ыдыспен таратылады.
Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (pptx) |
|---|---|
| Размер: | 2,04 МБ |
| Количество скачиваний: | 9 |