Сыныптағы тәрбие жұмысын жүргізуде ата – аналар комитетінің ролі
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Мейрбекова Гульнар Тагаевна
|
Сыныптағы тәрбие жұмысын жүргізуде ата – аналар комитетінің ролі
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мектеп-гимназиямен, сынып жетекшімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
3. Ой жинақтау.
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Тест «Бала тәрбиесі».
7. «Ашық айтсам..» анкетасы.
8. Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата - ана ролі» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!
1. Танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2. Топқа бөлу.
Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3. Ой жинақтау.
Екі топқа тақырып беріледі. Ата – аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек?
4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
5. Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге сынып жетекшіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.13 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |