Сырлы жеңге,сұлу қыз

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Сырлы жеңге, сұлу қыз»

Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, шар, гүлдер.

Бағдарламасы:

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып жүргізуші сахнаға шығады).

Жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 59.82 Kb
Количество скачиваний: 93
Просмотров: 342

Похожие материалы