Здесь была ссылка на работу Сыйласу сәлемнен басталады автора Жеделбайкызы Ажар Жеделбайкызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Сыйласу-сәлемнен басталады». «Сәлем-әдептіліктің белгісі», «Әдепті елдің баласы Алыстан сәлем береді,». Талпын жақсы болуға, Күндей сәуле шашатын. Үлкенге иіліп сәлем бер, Түнді күндей ашатын, Кішіге үлгі болатын. Топқа бөліну. 1 топ-кішіпейіл; 2 топ-ізетті; 3 топ-инабатты. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? Ойын: Ішкі ритм. «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл күйде айту. Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала... «Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті» деген мақал бар.Ал оған керісінше «Алыстан алты жасар бала келсе,ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-деген аталы сөз бар. Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық. -Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-демекші халыңыз қалай? -«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді – келіңіз төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. -«Қонағын сыйласа төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын. -«Жат асына, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз. Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» -«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші, ала отырыңыз. -Ой рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» демекші, алла риза болсын! -«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» қой қайтайын. -«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын. -«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз. -«Кәрі-кәрінің сөзі дәрі» дегендей о,не дегеніңіз? -«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей, келіп тұрыңыз. Жүргізуші:-Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруғаболады?