Сызыктык алгоритмді прогаммалау сабагы
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айткалиева Баян Сабыргалиевна
|
IX облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің қорытындысы туралы
Облыстық білім басқармасының 2014 жылғы 20 наурыздағы №178 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 - 29 сәуірі аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында IX облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді.
Турнирге Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының мектептері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешені және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп оқушыларынан құралған 15 команда қатысты.
Турнир 6 тур бойынша өткізілді:
1. «Информатика А-дан Я-ға дейін» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
2. «Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - логикалық есептер шешу. Есептеу жүйелері.
3. «Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - алгоритмдеу және бағдарламалау;
4. «Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - компьютер құрамы бойынша білімдерін тексеру.
5. Game-әлем.
6. «Дарынды бала – дарабоз бала» - шығармашылық жұмыс.
Жалпы командалық сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласының құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Теректі ауданының құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Бөрлі ауданының құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық).
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 94 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |