Здесь была ссылка на работу «Сіз біздің жүрегіміздесіз..» автора Тулешова Самал Зинуллиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға , Отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру. Мұқағали мен Фариза арасындағы рухани байланысты оқушыларға жеткізу. Фариза пэзиясының мәңгілік екендігіне көз жеткізу Көрнекілігі: Тақырыптық слайд: 1. Елігі еркін даланың ( ақын өмірбаяны) 2. Сіз біздің жүрегіміздесіз... 3 Ақын өлеңдері 4 «Фариза«деп жырлайды жүрегіміз ( естеліктер) 5. Бейнефильм Эпиграф: Көпір болып жалғасқанмен келешекке жіңішке қыздың жолы не десек те. Тумаппын жаман ер боп тым құрыса Қалпағын кейбіреудің жұлып алып. Ән: «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» Сөзі: М. Мақатаевтікі Әні: Ә. Тінәлиев 1-жүргізуші: Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың