Сөз құдретіы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Конакбаева Индира Конакбаевна
|
"Описание материала:
Қымбатты оқушылар! Сендер 8-сыныпқа арналған «Әдебиет» оқулығын қолдарыңа алып отырсыңдар, мүмкін, мазмұнымен танысып та шыққан боларсыңдар.
Бүған дейін, 5-сыныптан бері, сендерді небір қиял-ғажайып ертегілер әлеміне, оқиғасы қызықты әңгіме-хикаяттар дүниесіне апарған, өлең жаттатып, көңілдеріңді шаттандырған әдебиет пәнін оқып-үйреніп келдіңдер.нді 8-сыныпта оқитын «Әдебиет» оқулығының 5—7-сыныптардағы әдебиет оқулыктарынан едәуір өзгешелігі бар.
Ол өзгешелік — оқулык мазмұнында, тақырыптардың берілуінде.
Оларда осы уақытқа дейін оқыған шығарма-ларыңнан алған әсерлеріңді, өздеріне ұнаған кейіпкерлерден бойларыңа ауыскан адамдық, тазалық, ұлтжандыльқ қасиеттерді, ең бастысы, осы кезге дейін алған әдеби білімдеріңді әрі қарай тереңдете түсетін жалпы түркі халықтарына ортақ жазба әдебиетіміздің бастауы — ежелгі дәуір әдебиетінің үлгілері берілді.
Рас, бүл әдебиет сендерге алғашында осы уақытқа дейін оқыған туындыларыңнан тосындау көрінуі ықтимал.
Сонау алыс ғасырлардан жеткен асыл мұраның тілі де үйреншікті емес, сондықтан да түсінуге қиындау соғар. Бірақ оларды сендердің шамаларың келмейтіндей қиындық деуге болмайды. «Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата-бабамның керемет жазба өнері болған екен.
Сонда мынадай асыл ойлар айтылған екен, сондағы тіл, мақал-мәтелдер бүгінге жетіп, оны біз айтып, қолданып жүр екенбіз» дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десендерші!
Осы мақтаныш сезім мен сана ежелгі әдебиетті оқып-үйренуге сендерді құлшьндыра түсетініне күмәндануға бола ма!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.03 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |