"Сөз мәйегі - мақал."
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абилова Алтын Умитбековна
|
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз мәйегі - мақал.
Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу, олардың сөздің көркі екенін ұғындыру.
Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік міндеттері:
1. Сабақ барысында оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
2. Тыңдау, көру дағдыларын қалыптастыру.
3. Таным белсенділігін арттыру, дүние танымын кеңейту.
4. Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, ерлік сезімге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Көкпар сайысы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, суреттер тобы, таратпа материалдар, интерактивті тақта, кітаптар көрмесін ұйымдастыру.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. сайыс сабағы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Тіл – қасиетті де, қастерлі ұғым. Тіл – адам қатынасының құралы, адам мәдениетінің айнасы.
Мәдениетті адам болу үшін тек мәдени мінез құлық үйрену аз. Ең алдымен рухани мәдениет қажет. Сөйлегенде ойды дәл, анық айту, дұрыс сөйлей білу, ойды көркем тілмен жеткізу тіл мәдениетін айқындайды.
Тілімізге өң беріп, құлпыртып тұратын көненің көзіндей болып сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан жанрдың бірі - мақал-мәтелдер.
Ол халық даналығының бай қазынасы, асыл мұрасы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 32.87 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |