Табиғат кешені. География 7 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақты ұйымдастырудан кейін, сабағымды бағдарлама идеясына сәйкес топқа бөлуден бастадым..  Бүгінгі сабақта оқушылар топтың ішінде өзара бағалайтыны ескертілді. Осы іс-әрекетім оқыту үшін бағалауды көргім келді.Оқушылардың  үйден орындап келген тапсырмаларын тексердім. Оқушылар деңгей бойынша сұрақ құрастыруда қиналады, көбіне төменгі деңгейлі сұрақтар қояды.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында «Табиғат кешені» тақырыбы берілді. Соның ішінен сабақтың нәтижесіне жетуге қарай,  ақпараттарды  алып, реттеп, флипчартқа түсіреді. Постер құру барысында  берілген тақырыптарын талқылап, топта толықтырылды. Осы жерде оқушылардың мақсатқа қарай әрекет жасағандарына қуандым. Екі топ бір-бірінің жұмыстарына екі жұлдыз, бір ұсыныстарын ұсынды.  Екі топ тапсырмаларды орындау барысында диалогтік тәсілмен   төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтар беріліп, оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырып отырдым.  Екі топта белсенді жауап берді.  Бірінші топта «С» деңгейіндегі Гулназ материалды жан-жақты қамтып, сыныпқа еркін жеткізе алды. Топта оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіріп, өздерінің көңіл- күйлерін «смайликтер» арқылы  көрсетіп отырды.

  Сабақты қорытындылауда «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынды. Оқушылардың сауалдарға жауабы мадақтау сөздері арқылы бағаланды. Оқушылар топтық ережеге сәйкес олар бір-біріне көмектесіп, жоспарлағанымдай топ түгел жұмыстанды. Сабақ «Бес саусақ» әдісі арқылы  кері байланыс парағын толтырумен аяқталды.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.2 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 145

Похожие материалы