«Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием!» тәрбие сағаты 2-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бердигулова Гулнар Бердигуловна
|
1. Табиғатты қастерлеу, жасыл даланың көркемдігін сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігін түсіндіру; 2. Оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 3. Оқушының тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілікті: табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер, балалар шығармасы.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: - Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.05 Kb |
Количество скачиваний: | 95 |