Тапқыр достар
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ергалиева Жулдыз Смагуловна
|
"Описание материала:
Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Туған тілім – тірегім» атты мектепішілік тіл апталығына орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! Жүргізуші:Бүгінгі сайысымыздың мақсаты:мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың ой-белсенділігін, таным-ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, адамгершілікке,парасаттылыққа, сыпайылыққа, тәрбиелеу. Олай болса,осы сайысқа қатысатын топтарды қарсы алайық!Оң жақта 10-сыныптардан құралған «Болашақ» тобы.Сол жақта 9-сыныптардан құралған «Жас қыран» тобы «Қошемет көрсетейік достар!Сайысымызды бастамас бұрын осы ойынға төрелік ететін әділ-қазылармен танысып алайық. Ал енді бүгінгі өткізіп жатқан сайысымыздың бөлімдерімен танысайық.Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1-бөлім:Таныстыру.(әр топ өздеріне ат қойып,өлең арқылы өз-өздерін таныстырады.10-ұпай беріледі. 2-бөлім:Шар үріп сөз айту.Әділ-қазылар бір сөз береді,сол сөздің синонимдерін айтады.Әр топтың капитаны шығады.Әр сөзге 10-ұпайдан беріледі. 3-бөлім:Суретке қарап мақал айту:слайд арқылы сурет көрсетіледі.Әр мақалға 5ұпайдан беріледі. 4-бөлім:Сен білесің бе? Деп аталады.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сұрақтар беріледі.әр топқа 15-сұрақ.10-ұпай беріледі. 5-бөлім:«Кім жылдам?».Үстелге қағаз қойылады.Сөзді көрерменге іс-қимыл арқылы жеткізеді.Әр топқа 5-ұпайдан беріледі. Көрермендер сайысқа қатысушыларға қолдау көрсетеміз.Ал әділ-қазылар сіздер әр бөлім сайын қатысушыларымызға берген ұпайларыңызды көрсетесіздер. Ендеше сайысымызды бастайық.Алғашқы бөлім Таныстыру.Қатысушыларға рахмет.Келесі сайыс шар үру.Осымен 2-ші сайысымыз аяқталды.Қатысушылар демалып алсын деген ниетпен ортаға өлең оқитын 6ә сынып оқушысы Елубаева Жұлдызды шақырамыз. Тапқыр достар сайысының үшінші бөлімі Мақал-мәтел деп аталады.Бұл бөлімнің шартын тағы бір қайталап өтейін.Слайд арқылы сурет көрсетіледі.Әр мақалға 5-ұпайдан беріледі.олай болса 10сыныптан бастайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 38.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |