«Тапқыр информатиктер» білім сайысы

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:
«Тапқыр информатиктер » білім сайысы    Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау,бағалау үшін сыныптар арасында «Тапқыр информатиктер» сайысын өткіземін. Сайыс сұраққа тез жауап беру,берілген сөзден сөз құрау,жұмбақ шешу сияқты 7 кезеңнен тұрады.Білім сайысының мақсаты оқушылардың тез ойлап,ұтымды жауап қайыра білуге,жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту. Ұйымдастыру бөлімі. І.кезең:«Білімді мыңды жығар» Шарты :Сұраққа тез жауап беру. І топқа берілетін сұрақтар: 1.Компьютер атасы кім?(Чарлз Бэббидж) 2.Ақпараттық процестерге нелер жатады? (алу,жіберу,сақтау,өңдеу) 3.Перне тақтаның қызметі қандай?(ақпарат енгізу ) 4.Windows-тың негізгі объектісі не? (терезе) 5.Paint-қандай редактор?(графикалық) 6.ЕТ даму тарихы неше кезеңнен тұрады? 7.Сыртқы жадыға нелер жатады?(компакт диск,дискета,флешка) 8.Ақпаратты түрлендірудің қандай тәсілдерін білесіңдер?(Морзе әліппесі,ASCII коды) 9.Терезенің тақырып қатарын көрсетіңіз? 10.Графикалық редакторда сурет салуға қай құрал көмегімен жүргізіледі? (карындаш) ІІ. Топқа берілетін сұрақтар: 1.Атақты Microsoft  фирмасыныңнегізін қалаушы кім? (Билл Гейтс) 2.Морзе әліппесі, ASCII коды арқылы нені түрлендіреді?(ақпарат) 3.монитордың қызметі қандай? (ақпаратты экран бетіне шығарады) 4.Тышқанның қандай түрлерін білесіңдер? (механикалық, оптикалық,лазерлік) 5.Қандай графикалық редакторды білесіңдер? (paint) 6. Жүйелік қорапта орналасқан ақпаратты өңдейтін құрылғы қалай аталады? (процессор) 7. Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш салуға болма? Иә (тіктөртбұрыш құралы көмегімен) 8.Компьютермен жұмыс жасауы үшін ең аз құрылғыларын атаңыз? (жүйелік блок,монитор,пернетақта) 9.Терезенің жұмыс аймағын көрсетіңіз? 10. ЕТ даму тарихының І буынында пайда болған компьютерлер неге негізделген? (электронды шамдарға негізделген) ІІ.кезең. «Ойлан тап» Шарты: Берілген сөздерден информатикаға қатысты терминдерді                   дәптерге жазу. Семантикалық карта толтыру. ІІІ.кезең. «Кім епті» Шарты: Компьютермен практикалық жұмыс жасайды. IV кезең.«Кім жылдам» Шарт:Берілген жұмбақтарды шешу. І –топқа: Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан                                        Компьютер Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың...                                          Тышқан Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі Бір күн барда, бір күн жоқ Соны есепке алсақ, Ұзын саны 107                     (пернетақта) ІІ-топқа Компьютермен енеді, Қағазға басып береді                                      Принтер Егер білсең айта қойшы, Бұл қандай құрылғы Ақпаратты қағаздағы Компьютерге енгізеді. (Сканер) Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені (Кактус) V. кезең. «Кім тапқыр» Шарты : тест тапсырмалары берілген.Берген жауаптар дұрыс болса фигуралар жасыл түске боялады,дұрыс емес болса қызыл түске боялады. VI. кезең. «Құпия жәшік«Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы.Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак», қытайлықтар «суанпан» деп ,жапондықтар «серобян» деп атаған.Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? Жауабы : Есепшот VII.кезең. Бұл кім? Оқушыларға ғалыидардың суреттері  ұсынылады.Суретте кім бейнеленген айтып беру керек.            Қорытындылау,жеңімпаз топты анықтау.Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп,жеңімпаз команда анықталып,сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.56 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 130

Похожие материалы