Тарих пәнінен "Екінші дүниежүзілік соғыс" тақырыбының жоспары

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сынып:9

Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың мақсаты: екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептеріне тоқталып, сипаттама беру.Бұл соғыс әділетсіз соғыс болғанын ашып көрсету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: карта, үлестірмелі материалдар,кітаптар

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2.Мына терминдерге анықтама беріңдер:

-Фашистік-милитаристік блок

-Антифашистік коалиция

Сұрақтар:-Фашистік-милитаристік блокқа қандай елдер кірді?

                -Антифашистік коалицияға қандай мемлекеттер кірді?

Реттік тест:

-Мына оқиғаларды болған ретімен орналастырыңдар:

1Жапонияның Перл-Харборға шабуылы.

2.Дания мен Норвегия арасындағы фашистік агрессияның басталуы.

3.Германияның КСРО-ға қарсы шабуылының басталуы.

4.Германия, Италия, Жапония арасындағы соғыс одағы шарты.

5.Германияның Польшаға шабуылы.

6.Сталинград шайқасының басталуы.

 

7.Тегеран конференциясы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.13 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 127

Похожие материалы