"Татулық пен келісім- бауырластықтың белгісі" Сынып сағаты
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Хайруллина Гулжаухар Турлыханкызы
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: Татулық пен келісім - бауырластықтың
белгісі /Халықтар достығы Ассамблеясына - 20жыл/
Мақсаты: Еліміздің өсіп-өркендеуіне хал-қадерінше үлес қосып келе жатқан
ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен
ынтымақтастықты дәріптеу. Қазақстан халықтары
Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз
етудегі алатын орнын атап түсіндіру.
Өткізілу түрі: әдеби-монтаж
Жабдықталуы; Қазақстан Республикасының рәміздері, үнтаспа, кодоскоп, Қазақстан картасы. "Қазақстан халықтарының Ассамблеясы" кітабы.
"Ассамблея Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырады, ұлттық тегіне қарамастан барлық азаматтардың құкықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді" деген Қазақстан Рсепубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жазылған плакат.
Тәрбие сағатының барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Музыка ойнап тұрады: Құрманғазының "Сарыарқа" күйі.
1-оқушы;
Атағың дүниені аралады,
Сенде өсті бақыттың да жаңа бағы.
Жұлдыздың, айдың, күннің сырын үқты,
Қазақтың бүгінгі өскен балалары.
Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын,
Ел өсті ерлік істен тартынбайтын.
Бүгінім- абыройға жолдас болды,
Баратын ертеңге де жолым айқын.
2-оқушы:
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ.
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан-тойын жатқан тойлап.
Қырманы, Алатаудай мақтасы бар,
Сенбісің таусылмас кен, шахтасы бар.
Қойныңда адам үшін керек заттың, Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.
3-оқушы; -Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!
(Ортада өздері қолмен дайындаған Қазақстан картасы. Онда қай жерде не өндірілетінікөрсетілген.)
4-оқушы: -Дұрыс айтасың! Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де...
Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін-еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!
5-оқушы: -Ауданы 2724,9 мың кв. км. /1048,3 мың кв. миль/ Бес Франция сыйып кетеді.
6-оқушы: -Бес Франция! Керемет! Кең байтақ еліміздетату-тәтті тұрып
жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе!
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз,
Ән /Хор/. "Отан ортақ үйіміз". Өлеңі: Е.Өтетілеуовтікі, әнін жазған
Д.Ботбаев.
7-оқушы:
Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз татумыз. Оның себебі қазақ халқы қонақжай, көпшіл, мейірімді. Бұл халықтың табиғаты дүниедегі ешбір ел-жұртқа ұқсамайды, Оның тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы сан алуан қырлы да, сырлы. Сондықтан қазаққа итернационализмді оқытып-тоқытудың еш реті жоқ. Ол - ұлт ретінде туа біткен интернационалист. Қазір шын мәнінде халықтар отбасы болып отыр.
8-оқушы:
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құрды.Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 40-тан аса ұлттық-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық "Қазақ тілі", "Русская община" мәдени орталығы, "Стоки" мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, курд, қытай мәдени орталығы жұмыс істеуде. Елімізде ұлттық мектептер мен лингнистикалық орталықтар қызметі де дұрыс жолға қойылған. Оларда 23 ұлт өкілдері оқып, білім алады.
9-оқушы: -Иә, ұлттық-мәдени орталықтар мен олардыц филиалдарын қосқанда жалпы саны- 470. Сондай-ақ 20-ға тарта ұлттық газет, теле-радио хабарлары және 6 ұлттық театр жұмыс істейді.
10-оқушы: Қазіргі таңда Қазақстанда 14 тілде 218 газет және журналдар шығады. Украин, поляк, ағылшын, неміс, кәріс, үйғыр, түрік, дұнған, өзбек, татар және басқа тілдерде 7 радиостанция хабар таратады.
-Иә, осының бәрі ынтымақ пен бірліктің белгісі емес пе!
Көрініс:
Әр түрлі ұлттық киім киген балалар шығады.
Түрік киімін киген бала:
Менің ұлтым түрік. Менің ата-бабам Қазақстанда ежелден тұрып келеді. Түріктер менқазақтар түбі бір халықпыз. Түркиядағы түріктердің өзіҚазақстанды Отаным деп есептейді.
Түркістанды киелі, қасиетті жер деп қадір тұтады.
Достықтың болған емес шекарасы,
Одақтың мен де туған бір баласы.
Отанға берекені берді тағы
Қазақстан қасиетті кең даласы.
Ортаға татар киімін киген бала шығады:
Татар киімін киген бала:
- Мен татар баласымын. Бірақ Отаным - Қазақстан. Татарстан мен Қазақстан мәдениетіжағынан тығыз байланысты. Оған қазақ зиялыларының Қазақ баспасынан шыққанеңбектері куә.Ынтымақ достық береке, Бағымьв біздің жайнаган. Ынтымақ - бақыт мереке, Шаттыққа толы айналам*?
Немісше киінген бала шығады;
Ынтымақ таскымымен тастым да мен,
Кең жайдым құшағымды достыма мен.
Біргеміз өмірбақи Отандастар
Жалғасты өміріміз достықпенен.
-Мен неміс баласымын.Қазақстан өз үйімдей. Халқы да жайдары. Бұл жер ұлттардың"Достық Отаны" сияқты. Барлық ұлтты өз баласындай жақсы көреді. Қазақтың ұлы ақыныАбай неміс мәдениетін XIXғасырда қазақ даласына алып келген.
"Қараңғы түнде тау қалғып" әнін орындайды. Сөзі: Гете, аударған: А.Құнанбаев.
11-оқушы:
Осы әніміз бен сәнімізді бұзбау үшін ұлт аралық татулық керек. Ел қауіпсіздігі дегеніміз - Қазақстанда тұратын әрбір этностың да қауіпсіздігі.
12-оқушы: -Иә, шынында да, біз қауіпсіздік, тыныштық, татулық, бірлік, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасының өрге басуының аса маңызды факторларының бірі болып табылатынын түсінуге тиіспіз.
/Осыдан кейін оқушылар ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтып, мәнін түсіндіреді/.
Мысалы:
1. Ынтымақ түбі - бірлік. 2. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
3. Ынтымақ істі бітірер.
4. Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.
Қазақтың «Қуаныш» биі
Осыдан соң Т.Молдағалиевтің Ә.Бейсеуовтың әніне жазылған "Жастар жыры" әні орындалады.
Адал достық, ақ махаббат, ақ тілек,
Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.
Досың болса көңілін тап әрқашан
Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.
Достық - көңілдің жалауы,
Достық жүректің қалауы.
Достық озып біздерден
Еркін ертеңге барады.
Достык әні - бар дауыспен айтарым,
Достық үні - ең биік үн, байтақ үн.
Достым сенің ауылыңа, үйіңе,
Көңіліммен күнде барып қайтамын.
Ән: "Қазақстан -гүлстан". Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев. Әні:
Ә.Бейсеуовтікі.
Қорытынды;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 5.11 Mb |
Количество скачиваний: | 17 |