Тақырыбы: “Адамата” діни әңгімесі

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

 I топ:   Алла тағала кім? Қасиетті Құран Кәрім жайында не білдіңдер? Құран қандай кітап? Құранда  неше сүре бар?Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Аңыз адам» журналы

І. Ой қозғау. Ақсақ Темір жайлы аңыз.

     Түркі тұқымдас Барлас руынан шыққан Шахрисябз биі Тарағай түс көрді. Түсінде биік таудың басында тұр екен. Түн тастай қараңғы, аспанда жылтыраған жұлдыз, жерде жылт еткен от жоқ. Дүние зындан ішіндей суық, корқынышты. Тау басында тұрған Тарағай бидің қолында болат қылыш бар.Қолын созады. Сол шақта қылышынан жан-жағынан найзағай оттары жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би оянып кетеді. Бірақ оған сол түні, ақ киімді, ақ сәлделі, ақ атты адам аян береді. «Тарағай би,- дейді ол  қазіргі екі қабат әйелің Тәкинеден бір ұл туады. Ол әлемді билейтін жиһангер болады» дейді. Бұл Хызыр Ғали Әссәләм әулие екен. Бұл жору ертеңіне Қазаған-ханға да жетеді. Ол болашақ жиһангер әмірдің тууынан сескеніп, нөкерлеріне бұйрық беріп, бидің жоқ кезінде толғатып жатқан әйелдің қарнын іштегі баланы өлі түсірту үшін ауыр таспенен үйкелетеді. Әйткенменен бала бұдан өлмейді, мезгілі жеткенде туады. Бірақ үйкеген тастың салмағыменен ана қарнынан бір аяғы солып түседі.

            Бұл, әрине, аңыз. Бірақ шындыққа таяу аңыз. Бертін келе жиырма бес жасында, әлі қарақшылық құрып жүрген кезінде Сақыстанның бір әмірінің жұмсауымен бір ұрыста қатты жарақаттанған. Оң қолы мен он аяғынан оқ тиген. Соның салдарынан екі саусағынан айырылып, оң қолы мен оң аяғы семіп қалған. Содан кейін ол Ақсақ Темір атанған 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 5.34 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 145

Похожие материалы