Тақырыбы: "Қазақстанның пайдалы қазбалары"(8 сынып)
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Канатбекова Гульнур Алтынбековна
|
Сынып: 8
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның пайдалы қазбаларымен таныстырып, олардың орналасу заңдылықтары туралы білім беру
Дамытушылық: жүйелеп жіктеу дағдысын дамыту: орналасу заңдылықтары, минералды ресурстардың әртүрлілігі және оларды тиімді пайдалану мәселесі,
ресурстардың адамның өміріне және шаруашылық әрекетіне әсері.
Тәрбиелік: коммуникативті дағдылары мен икемдерін тәрбиелеу
Көрнекілік: Қ. физ. картасы, Жер қыртысының құрлымы картасы, карточка-тапсырмалар
I. Ұйымдастыру
ІI. Үй тапсырмасын тексеру:
1.1. номенклатураны тексеру (Қазақстанның биік, аласа таулары) карта бойынша
1.2. Биік тауларға 3 сұрақ құрастыру. Мәтіннен үш сұрақ құрастыр.
1.3. Тянь-Шань сызбасын талда.
1.4 тест
1. Сарыарқа мен Тянь-Шаньның солтүстіктерінің бір кезеңдерде қалыптасқанына қарамастан Тянь-Шаньның биік болу себебі
а/ қатты мүжілген ә/қайта жаңғырған б/сыртқы күштердің әсері аз болған
2.Қай тау арқылы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді?
а/ Тянь-Шань ә/ Жөңғар Алатау б/Қырғыз Алатауы
3. Бесбақан шыңы қай таудың ең биік нүктесі
а/ Жөңғар Алатау ә/Іле Алатауы б/Сауыр
4. Маңғыстау тауының жоталары а/ Ұлытау, Сарыжал ә/Қаратау, Ақтау б/Шыңғыстау, қаратау
5. Хантәңірі (6995м) шыңы қай тау жотасында орналасты
а/ Солтүстік Тянь-Шань ә/ Іле Алатауы б/ Орталық Тянь-Шань
1. Қазақстандағы аласа тауларды ата.
а) Сарыарқа, Мұғалжар
ә) Тянь- Шань
б) Алтай, Сарыарқа
6. Қаратау жотасының биіктігі.
а) 346м
ә) 546м
б) 556м
7. Қазақстандағы ең төмен жатқан ойыс
а) Қаратау 122 м
ә) Қарақия 132м
б) Бақтыбай 152м
IІІ. Тірек білімдерін өзекті ету
3.1. пайда болуы бойынша қандай тау жыныстарды білеміз?
Пайдалы қазбалар дегеніміз – адамзаттың шаруашылықта пайдаланатын минералдар мен тау жыныстарды айтамыз. Пайдалы қазбалардың топтасып жинақталған жерін кен орны деп атаймыз.
3.2. пайдалы қазбалардың қандай топтарын білесін?
Жаңғыш-кенді-кенді емес
Мұғалім сөзі:
Біздің қасиетті де қасіретті жеріміз қазына байлыққа бай ел. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді. Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:
1. Жанатын
2. Рудалы
3. Рудасыз
Жанатын п.қ. көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі.
Рудалы п.қ. көбінесе кристалды тау жыныстарында болады.
Рудасыз п.қ. магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.
Қазақстанда 6000 нан астам п.қ. кен орындары бар. Мұнай мен газ.
Қазақстанның барыс бөлігінде шоғырланған, Өзен, Жетібай, Қаламқас, Құлсары кен орындары.
Көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз
(жабық) (ашық)
Рудалы кен орындарға: Кемпірсай, Торғай, Атасу, Аят, Лисаков
Сирек кездесетін металдар: сынап, висмут, молибден де кездеседі.
Рудасыз п.қ. фосфорит Қаратау жерлерінде орналасқан. Ас тұзы батыс Қазақстан, Индеркөлде, Арал, Балқаш көл маңында.
Қазақстан құрылыс материалдарынан – әктас, мергель, гипс, отқа төзімді саз балшыққа, кварцитті құмға, минерал бояуларға бай.
Жетіқара, Жезқазған, Бөгесай, Хантау кен орындарында асбест өндіріледі.
ІV.жаңа материалды меңгеру
5.1. 19п. Оқу –Қазақстанның пайдалы қазбаларына жалпы сипаттама беру
(1-ші топ) Қазақстанда қай жерде жаңғыш пайдалы қазбаларды өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
2-ші топ мына сұраққа жауап береді: Қазақстанның қай жерінде кенді пайдалы қазбалар (темір, марганец, хром, никель)өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
3-ші топ Қазақстанның қай жерінде кенді пайдалы қазбалар (алюминий, мыс, полиметалл)өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
4-ші топ Қазақстанның қай жерінде кенді пайдалы қазбалар (алтын, сирек кездесетін металлдар) өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
5-ші топ Қазақстанның қай жерінде кенді емес пайдалы қазбалар (асбест, фосфорит, тұз) өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
6-ші топ Қазақстанның қай жерінде кенді емес пайдалы қазбалар (құрылыс)өндіреді? Олар қандай тектоникалық құрлымдарға және жер бедерінің қандай түріне жатады?
VI. Бекіту: «Керуен жолы» дайындалған сұрақтар, географиялық шаралар.
1. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
2. Өздерің тұрған жерде қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
3. Өзін-өзі білдіреді бұл қала
Қандай кенді қазғаным тап бір ғана. (Жезқазған)
4. Солға қарай оқысаң, бойынан ток жүреді,
Оңға қарай оқысаң, металды жұрт біледі. (мыс, сым)
VII. Үй тапсырмасын беру: § Мазмұндау, ірі кен орындарды және шартты белгілерді жаттау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.83 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |