Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған тәуелсіздік!»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған тәуелсіздік!»

Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге ,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,сөздік қорларын молайту,тіл мәдениетін жетілдіру.Отанымызға деген өлең жолдарымызды, мақал-мәтелдер арқылы және де қасиетті нышандарымыздың бар екендігін ұғындыру.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті ,Әнұран,Елтаңба,Ту,Астана суреті, мақал мәтел.

Тәрбиеші Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды куніміз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң,балалар

Қайырлы таң,қонақтар

Сәлеметсіздер ме!

Балалар бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, алақандарыңның жылуы арқылы бір-біріңе деген ізгі тілектер білдіреді.

Балалар Еліміз тыныш болсын

Аспанымыз ашық болсын

Аспанымызды бұлт баспасын

Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.Бұл балалар Қазақстан Республикасының әнұраны.

-Неліктен біз әнұранды айтқанда оң қолымызды сол жақ жүрек тұсына қоямыз

-Бұл,Әнұранға,Отанымызға, жалқымызға кең байтақ жерімізге көрсеткен құрметіміз болып есептеледі.Әнұранды салтанатты жиындарда, мерекелік іс-шараларда айтылады.

-Балалар айтыңдаршы Отан дегеніміз не?

-Ия, бұл сендер тұратын жер,туған үйлерің ,халқың.Біздің Отанымыз Қазақстан.Балалар, міне мынау Қазақстанның картасы.Біздің бір ғана Отанымыз бар.Ол Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан Республикасы өз алдына Тәуелсіз мемлекет болып 1991 жылы 16-желтоқсан күні жарияланды.Отанымызда қазақ халқынан басқа 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады.Біз тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекетпіз.Отанымыз,өз еліміз, өз жеріміз,теңгеміз,рәміздеріміз,Елбасымыз бар.

Мынау Қазақстан картасы біздің еліміз. Қараңдаршы, неткен кең байтақеліміз, жеріміз бар.

Мынау біздің елордамыз-Астана.

Мұнда зәулім сарайлар, биік үйлер,өзендер, көлдер бар.Халық өте көп.800 мыңнан астам халқы бар.

-Балалар,біздің елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Міне осы елбасымыз астанада тұрады екен.

Астана қаласында ең биік мұнара бар.Ол- бейбіт өмірде қазаққа тек береке,бірлік әкелсін деген ниетпен салынған екен.

-Балалар,Қазақстан Республикасының рәміздері бар. Олар Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Жарайсыңдар балалар.

Қазақстан деген біздің ел.Ол біздің Отанымыз. Ал ендеше Отанға деген мақал-мәтел,өлең жолдарымызды арнайық.

Ерхан Отан сенің ата-анаң

Отан сенің бауырың,

Отан өлкең,астанаң

Отан аудан ауылың.

Нұртас Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолында

Еркіндігім ел таңбам.

Мәдина Отан-отан бәріненде биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Айқын Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

Мейіржан Отан оттанда ыстық.

Жаннұр Отанын сүйген отқа жанбайды,

суға батпайды.

Гүлназ Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз.

Халқымызға пана болған данамыз.

Әрқашанда мақтан етіп жүретін

жазық маңдай кең пейілді данамыз.

-Балалар біздің тудың түсі қандай екен ?

-Көк ,ортасында күннің қыран бүркіттің қазақтың ою-өрнегімен бейнеленген.Қыран құс еркіндіктің белгісі.

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояиық

Оң жаққа бір иіліп

Сол жаққа бір иіліп

Бір отырып,бір тұрып

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші Біздің ұлтымыз кім?

Балалар Қазақ

Тәрбиеші Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші Біздің Елордамыз қай қала?

Балалар Астана

Тәрбиеші Қ.Р. президенті кім?

Балалар Н.Ә.Назарбаев

До Шарты:( Өз жалауымыздың түсін тап) 3-4 әр түрлі жалау болады.Сол жалаулардың ішінен өз жалауымызбен түстес жалау табылады.

Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау : Мадақтау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.98 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 116

Похожие материалы