Тақырыбы: Ғдыбысы мен әрпі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Сабақтың тақырыбы : Ғдыбысы мен  әрпі

Мақсаты: 1. Ғ дыбысы мен әрпі туралы білімдерін жетілдіру.

                  2.Шығармашылық жұмыстар орындау арқылы сөздік  қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

                    3.Үй жануарларына қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:білімді бекіту.

Сабақтың әдісі:репродуктивтік.

Сабақтың оқыту формасы: жұптық, ұжымдық.

Көрнекілігі: сызбалар, кеспе  буындар, логикалық тапсырмалар,демонстрациялық материал.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қонақ күту салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік бәріміз.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

II.Сабақтың  тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

    Өткен сабақта біз сендермен ғ дыбысымен таныстық.

Бүгінгі сабақта ғ дыбысы бар сөздерді ,мәтінді оқып ,жазуға үйренеміз.

Ой шақыру:

1.Сұрақ-жауап әдісі

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Ғ дыбысы қандай дыбыс?

Ойлан тап!

2 «Сөз ойла тез  ойла» ойыны ( ғ дыбысы бар сөздерді айту, буына бөлу)

3. «Кім жылдам» ойыны  ( ғдыбысы бар сөздерді тізбектей оқыту, салыстыру)

III.Оқулықпен жұмыс.

1.      Оқулықтағы  мазиұнды суретпен жұмыс. (сұрақ – жауап әдісін қолдану)

2.      Мәтінді  оқушыларға тізбектей дауыстап оқыту, жеке-жеке оқыту.(сұрақ-жауап әдісі)

       3.Мазмұнын айту.

Сергіту сәті.

Қарға,қарға,қарғалар ,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға келіп қорғанар.

 

4.Дәптермен жұмыс.

Жеке сөздерден сызба бойынша сөйлем құрап жазу.

 

5.Логикалық тапсырма.

«Ғ»дыбысы бар  сөздерді атап ,оларды талдайды, сөйлем құрайды (сурет бойынша жұмыс)

 

«Адасқан буындар»ойыны.(буындарды қосып сөз құрау)

 

 

IV. Сабақ нәтижесі бойынша оқушыларды  мадақтай отырып , үйге тапсырма беру.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.04 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 143

Похожие материалы