Тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу тарауын қайталау (5 сынып)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Магзум Нурланбек Магзум
|
Сабактың тақырыбы:Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу тарауын қайталау
(Қайталау жаттығулары)
Мақсаты: Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу тарауына есептер шығару, алған білімдерін тексеру. Өзінше ойлап тұжырым жасай білу кабілетін дамытуға, өз бетімен еңбектену сезімдерін, оқулықпен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Дәлдікке, ұкыптылыкка тәрбиелеу.
Сабактың көрнекілігі: киіз үй моделі, қанатты сөздер, үлестірмелі қағазы, плакаттар.
Сабактың түрі: Бекіту сабақ
Сабақтың типі: ойын-окыту сабақ
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Киіз үй моделін кұру
3. Үйге тапсырма
4. Қорытынды
5. Бағалау
-Сәлематсыздар ма, балалар! Отырыңыздар. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз киіз үй тігу.Оны тігу үшін ондық бөлшектерді қосып- азайта және салыстыра білуіміз керек.
-Қане кім біледі киіз үйді қай кезде тігеді?
-Наурыз мейрамы кезінде
-Жайлауға көшкенде
-Қане, қайсысыңыз білесіз, киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
-Керегеден
-Шаңырақ, уық, туырлык, үзік, түндік, таңғыш, басқұр
Енді шаңырағын көтеріп уықтарын байлауымыз керек. Ол үшін ауылдың мықты деген екі-үш жігіті адалбақанмен шаңырақты көтереді де кыз-келіншектер уыкты байлайды екен. Бізде шаңырақты көтеруге сыныбымыз- дың мықты деген үш жігітін ортаға шақырайық.
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?.
Жауабы: Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек. Көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
2. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымдаңдар?
Жауабы: Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек. Ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
3. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
Жауабы: Үтірге назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек. Бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек.
4. Ондық бөлшекке бөлу ережесін айт.
Жауабы: Бөлгіште неше ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек. Шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.
Енді уықтарын байлауға кыздарымызды шақырайық. Осы есепті шығарсандар адамның досы, адамға тек кана жаксылык жасайтын кұстың атын шешеміз. (Қарлығаш)
36,2*0,01 қ 0,91*0,2 л 637,1*0,001 а
9,53*0,1 а 8,65:3,46 ы 0,025*0,1 ш
7,82:1,7 р 36,11*0,5 ғ
0,362
0,953
4,6
0,182
2,5
18,055
0,6371
0,0025
Енді киіз үйдің қалған қаңқасын, босағасы мен есігін(сыкырлауық) орнату үшін мына сұрақтарға жауап береміз.
1. Сандардың арифметикалық ортасын қалай табуға болады?
2. Сандардың модасы, өзгеріс ауқымы дегеніміз не?
Киіз үйдің қаңқасын ілу.
Міне сөйтіп үйдіңқаңкасын көтердік. Енді киіздерін жауып, әсемдік бауларын тағуымыз керек.Оны енді көптеп-көлемдеп жабуымыз керек. Өйткені киіздер ауыр болады ғой.Туырлықты жабуымыз керек.
Ол үшін бәріміз "тест" жұмысын орындаймыз.
Тест. 1-нұсқа
1. Есепте: 0,62*0,3
А) 0,186; Б) 1,85; В) 0,190.
2. Бөліндіні табыңдар: 14,82:1,56
А) 8,5 Б) 9,5 В) 9,6
3. Сандардың арифметикалық ортасын тап: 2,4,8,9,5,2
А) 6 Б) 7 В) 5
4. Есепте: 20,3:1,45
А) 14; Б) 14,5; В) 15.
5.
А) бұрыс бөлшек; Б) дұрыс бөлшек; В) ондық бөлшек.
2-нұсқа
1. Есепте: 13,23+2,59
А) 13,472; Б) 134,72; В) 15,82.
2. Салыстыр. Қайсысы дұрыс:
А)5,063 < 50.63 Б) 5,645 >5,7 В) 2,8>3.1
3. Арифметикалық ортасын тап: 5,4,8,9,9
А) 7 Б) 8 В) 9
4. Есепте: 46:0,4
А) 11,5 Б) 115 В) 1,15
5.
А) аралас сан; Б) дұрыс бөлшек; В) бұрыс бөлшек.
Киіз үйдің келесі суретін ілу
Енді үзігін жабамыз.Ол үшін мына есепті шығару арқылы күннін суытқанына қарамай, жылы жаққа ұшып кетпей қалатын, бейтітшілік құсының атын табамыз. Ол үшін төмендегі есептерді шығарып, дөнгелек сектордың тұсындағы әріптерді ретімен жазамыз.
1. 5, 7, 10, 12, 16 - а.о
2. 20, 32, 43, 49 - а.о
3. 6,3; 0,6; 7; 15,9 - ө.а
4. 0,4; 2,5; 9; 20: - ө.а
5. 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3 - мода
6. 6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1 - мода
7. Сәуірдің бір күнінде ауаның температурасы таң-ертең 20С, түсте 80С, түстен кейін 100С, кешке 40С, түнде 00С болды.
Ауаның тәулік ішіндегі орташа температурасы неше градус?
8. Спорт жарысында
Енді түндігін жабуымыз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.
1-тапсырма.Қандай балықта қабыршак жоқ Шортан -4,3; лақа-3,5; жайын -2; табан-3;
Оқушы осы тізімнен бір балықты таңдап алып, соған сәйкес қара шаршыға орналастырып блок-схема бойынша есепті шығарады. Нәтижесінде көрсетілген 7 саны шықса, жауап дұрыс болғаны. Олай болмаған жағдайда басқа балықты тандау керек.
2-тапсырма: Қандай жануар бәрінен де жылдам жүгіреді?
Марал-10 ; гепард -4 ; бұлан-8
Міне, балалар киіз үйді құрып болдық. Бұл сабақта біздің мақсатымызға жетуімізге не көмектесті: білім, өзара көмек және достық.
4. Үйге тапсырма: № 1068,1069
5. Сабақ бағаланып қорытындыланады.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы,
Ағынтай батыр ауылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 949 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |