Тақырыбы: «Проекциялау әдісі.Орталық ж/е паралель проекциялау»
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Насемов Нуралан Тулегенович
|
Мақсаты: Оқушыларға проекция туралы білім беру, орталық және параллель проекциялау әдісін үйрету, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.
Күтілетін нәтиже: 1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;
2. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
3.Мысалдар және сызбалар арқылы проекция туралы түсінік алады.
Сабақтың түрі: СТО, ой қозғау стратегиясы
Әдістері:сұрақ-жауап,
Құрал-жабдықтар:оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.
Сабақ барысы
І. Қызығушылықты ояту
Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі. Міне, қағаздағы фигура (көлеңке) – проекция, ал процестің өзі – проекциялау. «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.
ІІ Мағынаны тану
Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция орталық проекциялау деп аталады.Орталық проекциялаудың қасиеттері:
1.нүктенің проекциясы нүкте болады;
2.түзудің проекциясы түзу болады;
3.фигуралардың өзара тиесілі проекциялау кезінде бұзылмайды.
Практикада жиі қолданылатын орталық проекциялаудың түрінің бірі параллель проекциялау.
Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау және тікбұрыштап проекциялау.
Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тікбұрыштап проекциялау дейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.12 Mb |
Количество скачиваний: | 93 |