Тақырыбы: Әрқашан дос біргеміз
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Рахимова Мая Садыковна
|
Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, «достық »ұғымын ұғындыру,адамгершілікке,кіщіпейілділікке тәрбиелеу,еліміздің болашығын айқын таныстыру,болашақ ұрпақ балғын бөбектердң денсаулығын сақтау.
-Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар,кішкентай менің бүлдіршіндерім! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
-Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,
Қош келдіңізз,көңіл-күйге сеніңіз
Қош келдіңіз, өткен күнге өкінбе,
Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.
«Достық »адам баласының бір-біріне деген сүйіспеншілігінің болуы мүмкін емес,достық адамды кішіпейілділікке,адалдыққа ,кешірімділікке тәрбиелейді. «Доссыз өмір – тұл » деп бекер айтпаса керек,осы мақсатта ұйымдастырылған ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
Асылжан: -Армысыздар халайық,
Әсем әнге салайық.
Айтпас бұрын ән-жырды
Сәлемдесіп алайық.
Барлығы;-Саламатсыздар ма,қонақтар!
Есік қағылады
Күтпеген сәт; -Саламатсыздар ма балалар,бұнда қандай жиын болып жатыр?
- «Әрқашан дос біргеміз »атты ертеңгілік болып жатыр.
- «Достық » деген маған ұнамайды,менің ешқандай досым жоқ,жалғыз жүргенім өзіме қатты ұнайды,балалар сендерге менің ойым ұнай ма?
- Жоооқ.
- Сонда сендерге дос болған ұнай ма?
Жүргізуші: -Қасқыр,неге саған достық ұнамайды, «досты көпті жау алмайды » деген бар,досың көп болса еш нәрседен қорықпайсың,қйналған кезде досың көмектеседі,сен бізбен бірге дос болсайшы,мүмкін бүлдіршіндердің доттық туралы ертеңгілігінен кейін ойың озгерп, бізбен дос болып кетерсің.
Қасқыр; -Ендеше тамашалап көрейін.
Жүргізуші: -Болашақтың иесі ғой бүлдіршін
Туған жерін түрлендірген күлкімен
Алтын бесік ұлан – байтақ елінде
Жарқын болсын шырқап айтқан әніде
Ән: «Атамекен»
Жүргізуші: --Достық жырын жырлаған
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің.
Әмйна;- Жан қйыспас дос болсаң
Сыйласумен жүресің
Шашылып жатса сыртыңнан
Жинасумен жүресің
Перизат;--Біз балдырған баламыз
Дос құшағын бірге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан.
Мерей:-- Бейбітшілік әніміз
Доспыз енді бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Шахназ:-- Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Достар қандай тамаша.
Нұрдәулет; -Достарым бар қуанып
Тамашалап кештерді
Ән салып би,билеген
Достарыммен қуанып
Жүргізуші:-- Көгершінді бейбітшілік құсы дейміз
Қарлығашты адамның досы дейміз
Ән салып ,бй-билеген бүлдіршінді
Тобымыздың әншісімен бишісі дейміз.
«Қуыршақ»биі.Орындайтын:Шахназ,Еркеназ,Ділназ,Наргиза,Әмина,Қарақат.
Жүргізуші: - Дос дегеің асыл жан ғой ардақты
Дос дегенің асыл сөз ғой ардақты
Доссыз өмір мүмкін емес жалғанда
Достық жыры бітпеген ғой қашанда
Қарақат: -Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз
Бір анадан туғандай
Біз біріміз татаумыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін.»
Ернат: --Жаудан елді қорғайтын
Батыр болам мен ертең
Достың антын сақтайтын
Жігіт болам мен ертең.
Ділназ:--Достар бірге жүреміз
Бірге ойнап күлеміз
Бірге ойыншық ойнаймыз
Міне біздер қандаймыз.
Жүргізуші:Мың бұралып билеген,
Қыздарды кім сүймеген
Күміс көмей қыздарға
Кімдер басын имеген
Испан биі:Асылжан,Перизат,Еркежан,Мерей.
-Балалар денсаулығымыз жақсы болу үшін адамдар далада ұзақ серуендеу керек,таңғы және кешкі ауа рай таза болады, бұл адам денсаулығына өте пайдалы.Қане таза ауада демалу бұл саябақ, орман ағаштары, көшеде , үйдің жанында ағаштарды көп егу керек және қорғау керек.
Наргиза:-Орман – көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Еркежан:- Қыста шаңғы тебеміз
Думандатып өңірді
Жазда гүлдер тереміз
Достармен бірге жүреміз.
Жүргізуші:- Бала,бала жоқ олардың еш жаманы,
Үлкендерге,сын аттаған қадамы.
Сөзің емес,өзің үлгі бол оған,
Көргендерін өзі-ақ ұғып алады.
Ән: «Әрқашан дос біргеміз.»
Қасқыр:--рахмет,балалар,бүгін мен үшін өмірмде өзгеріс болды, «достық»деген ұлы сөзді ұғындырдыңдар,сендермен енді дос боламын,ешкімді ренжітпеймін,сендерге мына жемістрді сыйға тартып кетейін,енді орманға барып өзіме адал дос іздейін.сау болыңыздар.
Жүргізуші;- Жан қйыспас дос болсаң
Сыйласумен жүресің,
Шашылып жатса сыртыңнан
Жинасумен жүресің.
Жан достықтың қадірін
Ұғынсаң ғана білесің,
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің- дей еліміз тыныш,деніміз сау болсын деп бір – бірімізге жақсы тілек тілеп, бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды .Қош сау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 40.5 Kb |
Количество скачиваний: | 43 |